Жаңалықтар

«Әке – Асқар тау»: Бейсенбай Сүлейменовпен кездесу өтті

2024 жылдың 15 қазан күні Принтмедиа технологиялар колледжінің студенттерімен Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Social project management» орталығы «Әке – асқар тау» жобасы аясында «Салт-дәстүрлердің тәрбиелік мәні» тақырыбы бойынша балалар жазушысы Бейсенбай Сүлейменовпен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуде жазушы әке тәрбиесі, отбасы құндылығы мен ата-ананың отбасындағы рөлі туралы айтылды.

  • Отбасы құндылығына келсек, отбасының тірегі әке болғандықтан, ол әке қандай маман болсын, мейлі, ол өнері адамы болмын, мелйлі жазушы болсын, ол отбасын сақтай білуі қажет, – дейді жазушы.

Кеш соңында студенттер көкейде жүрген сауалдарын қойып, тиісті жауаптарын алды. Сондай-ақ жазушы колледж кітапханасына «Горилла адам» мен «Сырлы әлем» атты балаларға арналған кітаптарын табыс етті.

Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру