Жаңалықтар

«Әке – асқар тау» тақырыбында студенттермен кездесу өтті

Қазан айында Электромеханикалық колледжінің студенттерімен Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Social project management» орталығы «Әке – асқар тау» жобасы аясында «Салт-дәстүрлердің тәрбиелік мәні» тақырыбы бойынша кездесу ұйымдастырылды.

Жобаның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақ пен жас жұбайлар арасында «Әке» бейнесін, өзара сыйластықты, отбасын тәрбиелеу, отбасы құндылығы, қарым-қатынас, психологиялық рухани бағытта өтті.

Кеш қонағы ретінде инженер әрі жазушы азамат Өскенбай Құлатайұлы келді. Ол тек үлгілі әке ғана емес, немере, шөбере өсіріп отырған, жапырағын кеңге жайған мәуелі бәйтерек десек те артық емес.

Кездесуде кеш қонағы Өскенбай Құлатайұлы студенттерге әке тәрбиесіне қатысты ақыл-кеңестерімен ғана бөлісіп қана қоймай, мамандық таңдағаны секілді жар таңдаудан да қателеспеу керек екенін айтты.

  • Әр жанұяда бір басшы, кеңесші, сол жанұяның тұғыры «Әке» болып есептеледі. Әкеге қарап, бала өседі. Әкенің әрбір басқан қадамы, істеген тірлігі, сөйлеген сөзі бала үшін тәрбие. Өздерің де әкелеріңе қарап бой түзеп, өсіп келесіңдер. Сендер де ертең бір-бір шаңырақты басқарар әке боласыңдар. Бірақ жақсы әке болу үшін алдымен жауапкершілігі жоғары жақсы маман ретінде қалыптасып, бір шаңырақты ұстап тұра аламын-ау деген кезде отбасы құрған абзал. Себебі, отбасы құру, әке болып бала тәрбилеу немқұрайлы қарайтын нәрсе емес, қарақтарым, – дей отырып, өзінің мамандығына да қатысты кеңестерімен де бөлісті.

Шара барысында кештің басты қонағы Өскенбай Құлатайұлының немересі Арман Өскенбаев «Жерұйық Қазақстаным» әнін орындаса, шөбересі Ермұхаммед Өскенбаев қазақ күйлерін орындап берді.

Кеш соңында студенттер кеш қонағына отбасы құндылығына қатысты сұрақтар қою арқылы пікірталас өткізілді.

Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру