Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қазір ғылыми кадрлардың саны 22 456 адам екенін айтты. Ғылыми зерттеушілердің 37%-ы ғылыми және академиялық дәрежеге ие.
«Бұл көрсеткіш жоғары емес. (Ғылымдағы) жастарға келсек, жағдай жаман емес. 35 жасқа жейін жас ғалымдардың үлесі – 34%-ы, негізгі топ – 43% (35-54 жас аралығындағы ғалымдар), 55 жастан жоғары ғалымдар – 23%. Бірақ ғылыми зерттеу институттарының басшылығына тоқталайын. Мұнда басшы кадрлардың қартаюын байқап отырмыз. Ғылыми зерттеу институттары басшыларының орташа жасы – 59 жас. Қазір академиктердің орташа жасы – 69 жас».Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек
Министрдің мәліметінше, қазір 414 ғылыми ұйым бар. Олар – гранттық жобаларға және ғылыми зерттеу және ғылыми зерттеу жұмыстарын атқарып жатқан ғылыми ұйымдар. Мемлекеттік сектордың, яғни министрлікке бағынатын ұйымдардың саны – 26%. 2015 жылы «Коммерциаландыру туралы» заңды қабылдағаннан кейін өсім 43% болды, яғни олар кәсіпкерлік-жекеменшік сектор ұйымдары.
«Қазір бизнес ақырындап ғылыми зерттеуге бет бұра бастады. Ғылыми зерттеу институттарына тоқталайын. Қазір жалпы мемлекеттік органдардың, ведомствоаралық бағынысты ұйымдардың саны – 104. Оның ішінде нақты 92 ғылыми және іргелі ғылым институты бар».Саясат Нұрбек
Ең үлкен пайыз Ауыл шаруашылығы министрлігіне тиесілі – 33%, яғни 30 ғылыми зерттеу институты. Ал министрлікте 26 институт, сәйкесінше 28%. Жалпы бірнеше ведомствоға қарайтын, яғни Денсаулық сақтау министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Мәдениет және еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Сауда және интеграция және тағы басқа.
«Ең көп қаржыландыруды алып отырған – Ауыл шаруашылығы министрлігінің ғылыми зерттеу институттары. Биыл оларға 19 млрд-қа жуық теңге, ал Денсаулық сақтау министрлігінің институттарына 35 млрд-қа жуық теңге қарастылған».Ғылым және жоғары білім министрі
Дереккөз: Zakon.kz