Жаңалықтар

Ғалымдар Ақмола облысының агрокеңесіне қатысты

 Егін жинау науқанын өткізуге дайындық және Ақмола облысының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі негізгі міндеттер облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен өткен дәстүрлі облыстық агрокеңесте Жақсы ауданының Белағаш ауылында қаралды.

Агро кеңестің жұмысына өңірдің 120-дан астам аграршылары, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері мен ғылыми-зерттеу мекемелерінің қызметкерлері қатысты. Кеңеске қатысушылар егін жинау жұмыстарын ұйымдастырылған және сапалы жүргізу бойынша негізгі мәселелерді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласындағы өзекті мәселелерді талқылады. Агрокеңес барысында А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ҒӨО Басқарма Төрағасы Тимур Савин баяндама жасап, ағымдағы жылдың жағдайында егін жинаудың стратегиясы, тактикасы және ұйымдастырылуы туралы айтты.Іс-шара аясында Орталықтың селекциялық жетістіктерінің көрмесі ұйымдастырылды, облыста дәнді дақылдардың құрғақшылыққа төзімді сорттарының тұқымдарына тұрақты сұраныс, соңғы уақытта мал азықтық дақылдарына және көпжылдық дәнді және бұршақ тұқымдас шөптердің аудандастырылған сорттарының тұқымдарына сұраныс артты.

 

Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру