ӘлемБасты ақпаратҒажап-LiveЖаңалықтарЖер

АНТАРКТИДАНЫҢ «КӨГАЛДАНУ» ПРОЦЕСІ ЖЫЛДАМ ЖҮРУДЕ

Фотосурет University of Exeter сайтынан алынған 

Антарктида түбегі көптеген полярлық аймақтар секілді әлемнің орташа жылыну қарқынынан жылдам жылынуда, сондай-ақ Антарктидадағы қатты ыстық толқындар жиілеп барады, деп хабарлайды University of Exeter.

Эксетер мен Хартфордшир университеттері және Британ антарктикалық қызметі жүргізген жаңа зерттеу климаттың өзгеруіне жауап ретінде Антарктида түбегінің қаншалықты «жасылданғанын» бағалау үшін спутниктік деректерді пайдаланды. Зерттеу нәтижесінде, Антарктида түбегіндегі өсімдік жамылғысының аумағы 1986 жылғы 1 шаршы шақырымнан 2021 жылға қарай 12 шаршы шақырымға дейін ұлғайғаны анықталды. Nature Geoscience журналында жарияланған зерттеу сонымен қатар жасылдану қарқынының соңғы жылдары (2016-2021) жалпы зерттеу кезеңімен (1986-2021) салыстырғанда 30%-дан астамға артқанын көрсетті. Бұл кезеңде жыл сайын 400 000 шаршы метрден астам өсім байқалған.

Бұған дейінгі зерттеулерде Антарктида түбегіндегі мүктер басым болған экожүйелерден алынған үлгілерге талдау жасалып, соңғы онжылдықтарда өсімдіктердің өсу қарқынының күрт артқаны туралы дәлелдер табылған.

Бұл жаңа зерттеуде спутниктік суреттерді пайдаланып, Антарктида түбегіндегі жасылдану тенденциясының кең таралғаны және оның жеделдеп келе жатқаны расталды.

«Ландшафта әлі де қар, мұз және тас басым, тек аз ғана бөлігі өсімдіктермен қамтылған. Бірақ бұл аз бөлік күрт өсті, бұл тіпті осы шалғай және оқшауланған аймақ климаттың антропогендік өзгерістерінен зардап шегіп жатқанын көрсетеді»,  – деді Эксетер университетінің докторы Томас Роланд.

Хартфордшир университетінің докторы Олли Бартлетт: «Бұл экожүйелер тұрақты бола бастаған сайын – климат жылынған сайын – жасылдану ауқымы артуы мүмкін. Антарктидадағы топырақ негізінен жоқ десе де болады, бірақ өсімдіктердің өсуі органикалық заттарды қосып, топырақ түзілуін жеңілдетеді, бұл басқа өсімдіктердің өсуіне жол ашуы мүмкін. Бұл экотуристер, ғалымдар немесе континентке басқа келушілер арқылы тасымалдануы мүмкін бөтен және инвазивті түрлердің келу қаупін арттырады», – деді Олли.

Зерттеушілер жасылдану тенденциясын тудыратын климаттық және экологиялық механизмдерді анықтау үшін қосымша зерттеулердің қажеттілігін ерекше атап өтті. «Антарктида түбегіндегі өсімдіктердің климаттық өзгерістерге сезімталдығы қазір айқын және болашақтағы антропогендік жылыну жағдайында біз осы аймақтағы биология мен ландшафттың түбегейлі өзгерістерін көре аламыз», деді доктор Роланд. Оның айтуынша, шыққан нәтижие Антарктида түбегінің және бүкіл континенттің экологиялық болашағына қатысты елеулі алаңдаушылық туғызатыны анық. Сол себепті Антарктиданы қорғау үшін біз бұл өзгерістердің қайдан, қалай пайда болғанын, олардың нақты себептерін анықтауымыз керек», деді доктор sciencedaily сайтының хабарламасы бойынша.

Қазіргі уақытта зерттеушілер Антарктидадағы мұз еріген аймақтарындағы ландшафттарда өсімдіктердің қалай колонизацияланғанын және болашақта бұл процесс қалай жалғасуы мүмкін екендігін зерттеп жатыр.

Назым МАЛИККЫЗЫ

Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру