«Росбалт» басылымының жазуынша, Вашингтон университетінің ғалымдары ACS Biomaterials Science & Engineering басылымында арнайы кәмпиттің көмегімен зақымдалған эмальді қалпына келтірудің жаңа әдісі туралы материалдар жариялады.
Нақтырақ айтар болсақ, ғалымдар арнайы ақуыз тізбегін – sADP5 әзірлеген. Бұл тізбек тіс минералын құрайтын кальций мен фосфат иондарын ұстап, оны жаңа минералды микроқабаттар түзу үшін пайдаланылады. Нәтижесінде эмальдағы бос орындар осы қабаттармен толтырылып, жоғалады. Жүйке жүйесі мен қан тамырлары жаңа қорғаныс қабатын алады,содан тіс ауырмайды. Дегенмен, ол жоғары температура мен механикалық зақымдануға қарсы тұра алғанымен, эмальдің орнын толыққанды баса алмайды,
Клиникаға дейінгі сынақтарда бұл ақуыз тізбегі хош иістендірілген кальций фосфатымен қоса кәмпиттерге енгізілді. Болашақта пептидті тіс пастасы сияқты ауыз қуысы күтіміне арналған кез келген өнімге қосуға болады.