Жаңалықтар

ШҚО-да жас ғалым полиэтилинге эко-балама әзірлеуде

Шығыстың шынары ғылым саласында өз үлесін қосуда. Ол кім десеңіз?, Шығыс Қазақстан универститетінің білімгері- Нариман Қайырбеков.

Полиэтилин пакеттерінің баламасын жасауды көздеген жас дарын «Табиғи полимерлер негізінде биологиялық ыдырайтын материалдарды әзірлеу» атта жобаны жүзеге асыру үстінде.

Нариманның басты мақсаты- қоршаған ортаны ластанудан қорғап, әлемдік мәслененің шешімін табуға пайдасын тигізу.

«Полиэтилен пакеттері көптеген ғасырлар бойы биологиялық түрде ыдырамайды. Осылайша тұрақты ластануға әкеледі. Мұны мектеп қабырғасында джүргенде ойлаған едім. Қазір тақырыпты толыққанды зерделеу үстріндемін. Эксперименттік зерттеулерді де жүргізіп жатырмын»,-дейді Нариман.

Айтуынша ол, Мен крахмал немесе целлюлозадан биоматериал жасауға барын салуда. Одан айналаға қауіп жоқ, оны судың көмегімен ерітуге болады екен.

«Қазір материалдың икемділігімен жұмыс істеудемін. Менің арманым қазақстандық өндірісте биологиялық ыдырайтын өнімді жасап шығару», — деді жас ғалым.

Бүгінгі таңда ЖОО ғалымы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетіне гранттық қаржыландыру конкурсына қатысуға өтінім берген. Жас ғалым мемлекеттен қаржылық қолдау алған жағдайда, жобаны толықанды жүзеге асыратын болады.

 

Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру