«Өмір – біздегі ең қымбат нәрсе»
Жалпы ақпарат
Аталған жоба Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Сана» қоғамдық қорының «Зияткер жастар мектебі» арқылы жүзеге асырылуда.
Алматы қаласында жастар арасында суицидтің алдын алу, денсаулыққа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру, жыныстық тәрбие және жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (ЖЖБИ) деңгейін төмендетуге бағытталған кең ауқымды ақпараттық-ағартушылық «Өмір – біздегі ең қымбат нәрсе» жобасы іске қосылды.
Жобаның негізгі бағыттары:
- Университеттер мен колледждердегі психологтар, студенттік топтардың кураторлары және декан орынбасарларына арналған курстар мен оқыту тренингтерін өткізу;
- Суицидтің, зиянды әдеттердің, ЖЖБИ және жыныстық тәрбиенің алдын алу тақырыптарында бейнероликтер әзірлеп, танымал аккаунттар мен пабликтерде жариялау;
- Дүниежүзілік суицидтің алдын алу күніне орай мамандар мен жастардың қатысуымен дөңгелек үстелдер ұйымдастыру.
Жобаның мақсаты – жастардың психологиялық осалдығын азайту, дағдарыс жағдайларынан шығу жолдары туралы ақпараттандырылуын арттыру және салауатты, жауапты өмір салтын ұстану мәдениетін қалыптастыру.
2025 жылғы 29 тамызда Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінің базасында «Өмір – ең жақсы құндылық» жобасы аясында «Салауатты ұрпақ – қауіпсіз орта» атты студенттік топтардың кураторларына арналған оқыту семинары өтті.
Оқытудың мақсаты — жастармен жұмыс істейтін психологтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, студенттер арасындағы өзекті тәуекелдердің алдын алу бойынша білімдерін нығайту және тиімді профилактикалық жұмыс әдістерін дамыту.
Іс-шара аясында Алматы қаласындағы ЖОО және колледж психологтарына арналған келесі бағыттар бойынша оқыту семинарлары өткізілді:
- Суицидтің алдын алу;
- Зиянды әдеттердің алдын алу;
- Жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) алдын алу;
- Жыныстық тәрбие.
Спикерлер ретінде тәжірибелі психолог-мамандар сөз сөйледі:
- Салтанат Юсупқызы Нұрпейісова
- Айгерім Маратқызы
- Айжан Қажимова
- Мануэль Мартинес
Оқыту қорытындысы бойынша қатысушылар жастармен жұмыс жүргізуге арналған практикалық білімдер мен құралдарға ие болып, кәсіби тәжірибе алмасу мүмкіндігіне қол жеткізді.