Ғалымдар қатерлі ісікке қарсы траметиниб пен рапамицин препараттарының комбинациясы зертханалық тышқандардың өмірін 30%-ға ұзартқанын анықтады. Бұл дәрілер жеке қолданылғанда да тиімді, алайда бірге қолданылғанда әсері күшейе түседі. Сонымен қатар олар қабынуды азайтып, обырдың дамуын кешіктірген.
Рапамицин – жасуша өлімі мен бөлінуін реттейтін mTOR ақуызына, ал траметиниб – рак жасушаларының өсу жолдарына әсер етеді. Бұған дейін рапамициннің тышқандарда, ал траметинибтің шыбындарда өмір ұзартатыны дәлелденген болатын. Енді бұл екі препарат алғаш рет бірге сүтқоректілерде сыналды. Ғалымдар дәрілерді жемге қосып беріп, олардың ген белсенділігіне де талдау жүргізген. Біріктірілген препараттар гендерге жеке қолданылғаннан өзгеше әсер еткені анықталған. Зерттеушілер бұл қосынды геропротектор — яғни қартаюды баяулататын дәрі ретінде қарастыруға болатынын айтады. Алайда адамдарда әлі сынақ жүргізілген жоқ. Қазір траметинибтің жанама әсерлерін азайтып, қолдануды оңтайландыру жұмыстары жүріп жатыр.
«Тышқандардағыдай нәтиже күтпейміз, бірақ егде жастағы адамдардың саулығын жақсартуға бұл бағыт көмектесуі мүмкін», — дейді зерттеу авторлары.