2025 жылдың 26 сәуірінде Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы 79, орналасқан «Жастар рухы» ұйымының конференц-залында мониторингтік топ мүшелері мен еріктілер үшін оқыту семинары өтті.
Іс-шара ALL IN компаниясының ұйымдастыруымен және Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен жүзеге асырылып отыр.
Жоба мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс (МӘТ) аясында жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік жобалардың қоғамдық мониторингін дамытуға және олардың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған.
Оқуға қатысушылар:
• мониторингтік топтың мүшелері,
• шақырылған сарапшылар,
• әлеуметтік жобалардың бенефициарлары арасынан құралған еріктілер тобы.
Оқыту кезеңдері:
🔹 Онлайн оқыту (2025 жылғы 15 сәуір)
2025 жылдың 15 сәуірінде мониторингтік топ мүшелері үшін Zoom платформасы арқылы алдын ала онлайн оқыту ұйымдастырылды.
Онлайн сессияларда келесі тақырыптар қамтылды:
• «Әлеуметтік жобаларды қоғамдық мониторингтеу әдістемесі бойынша мониторингті ұйымдастыру және жүргізу»;
• «МӘТ Стандартының сақталуын бақылау».
Қатысушылар мониторинг жүргізудің теориялық негіздерімен, нормативтік құжаттармен жұмыс істеу әдістерімен және іс-шаралардың Стандарт талаптарына сәйкестігін бағалау ерекшеліктерімен танысты.
🔹 Көзбе-көз оқыту (2025 жылғы 26 сәуір)
Офлайн семинар келесі екі негізгі бөлімнен тұрды:
• Семинар 1: “МӘТ Стандарты — құрылымы, логикасы және негізгі қағидаттары”
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы заңнамалық негіздер, Стандарт құрылымы мен талаптары, жобаларды қалыптастыру, мониторинг және бағалау тәртібі қарастырылды. Техникалық ерекшеліктер мен есеп беру құжаттарындағы жиі кездесетін қателер талқыланды.
• Семинар 2: “Әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру мониторингінің әдістемесі”
Мониторинг құралдарымен (чек-листтер, сауалнамалар, логикалық модельдер) жұмыс істеу тәсілдері үйретілді, іс жүзінде форма толтыру дағдылары бекітілді.
Іс-шараның инновациялары:
• Қатысушылар арнайы әзірленген https://monitorall.kz цифрлық платформасының жұмысымен танысты, оның мүмкіндіктері:
o жобалар мен іс-шаралар бойынша деректерді орталықтандырылған түрде жинау;
o WhatsApp арқылы есеп беру мен шақырулар жіберуді оңтайландыру;
o заманауи дизайн және барлық құрылғыларға ыңғайлы бейімделу;
o дербес деректердің жоғары деңгейде қорғалуы.
• Оқыту барысында әлеуметтік жобалардың әлеуметтік маңыздылығын бағалау элементтерімен толықтырылған жаңартылған Мониторинг әдістемесі таныстырылды. Бұл әдістеме «Астана» Тәуелсіз сарапшылар институты» тарапынан әзірленген.
Алдағы кезеңде жобаны жүзеге асыру шеңберінде әлеуметтік жобалардың орындалуын ай сайынғы мониторинг жалғасады, әлеуметтік жобалауды жетілдіру бойынша әдістемелік ұсыныстар әзірленеді және қосымша оқыту іс-шаралары өткізіледі.