Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ https://farabi.university/ Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің 40 жылдығына орай «40 іс-шара» және тұрақты даму мақсаттары (ТДМ-4) аясында ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ ұйымдастыруымен Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, ҚР мәдениет қайраткері, айтыскер ақын Серік Қалиевпен «БАБАЛАР МҰРАСЫ — ҰРПАҚТЫҢ АСЫЛ ҚАЗЫНАСЫ» атты көшбасшылық дәрісі өтті.
Дәріске ЖОО-ға оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының оқытушылары мен тыңдаушылар қатысты. Көшбасшылық дәріс шымылдығын ақын жырланынан үзінде оқылып, ақын сөзіне жазылған әндерінен ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының тыңдаушылары әннен шашу шашты. Сондай-ақ көшбасшылық дәрісте Серік мырза жастарға Отан сүйгіштікке деген жастардың санасына Абай атамыздың даналық сөздерінен ой қозғады. Қазақ халқының тіліне, дәстүріне, мәдениетіне Бабалар мұрасы- ұрпақтың асыл қазынасына айналған ұлттық дүниелер «бесік», «қазан» сынды жәдігерлерімізге айналған ұлттық құндылықтың маңызы жайында мағлұматтар айтылды. Сонымен қатар қазақ халқының дәстүрі суырып салма айтыс өнерінен шеберлік сыныбын көрсетті.
Көшбасшылық дәріс әрмен қарай тыңдаушылардың шағын концерттімен ұласты. Корея, Жапония және ҚХР келген шетелдік тыңдаушылар «Көзімнің қарасы» әнін, қандас тыңдаушылар «Балқадиша» әнін, күмбірлеген күйден поппури орындады. Қонақ кәдесі ретінде Серік мырзада дәстүр салтымен «АМАНАТ» термесін орындап, тыңдаушылардың өнерге деген қызығушылықтарын одан әрі оттандырып кетті. Көшбасшылық дәрісте тыңдаушылар мен ақын арасында дидарлы сырлы сұхбат орнады. Көшбасшылық дәріс соңы естелік суретке түсімен ұласты.
Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының
оқытушылары:
Г. М.Мужигова, Г.Т. Тилеужанова, Саткенова Ж.Б.