Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен және “Адырна” ұлттық-этнографиялық бірлестігінің ұйымдасыруымен «Адам саудасының құрбандарына көмек» жобасы бойынша бірнеше емханада семинар өткізілді.
Атап айтсақ, 5 қалалық емхана, 5 перзентхана, №21 Қалалық емхана, №1 Қалалық клиникалық аурухана, №1 Қалалық перзентхана, №2 Қалалық перинаталды орталық, Қалалық перинаталды орталық, Құлагер БМСКО және Алатау аудандық жергілікті полиция қызметінде өтті. Семинарды Жанділда Жакупов Әжіғалиұлы жүргізді.
Семинар барысында адам құқықтарының бұзылуының ықтимал салдары мен адам саудасының трансұлттық қырлары, құрбандардың қабылдану және сәйкестендірілу шарттары, құрбандарға көрсетілетін көмек пен қызметтердің стандарттары сөз болды.