Аудио ПодкастӘлемБасты ақпаратБейне бағдарламаларҒалым мінберіҒылым қорыҒылым тарихыҒылыми мақалаларДенсаулықЖаңалықтарЖерЖүзден жүйрік...МүмкіндікТехнология

ЖҮРЕК ҚАЙТА ҚАЛПЫНА КЕЛЕ АЛА МА?

Аризона университетінің медициналық колледжіндегі Тусон қаласындағы Сарвер жүрек орталығының дәрігер-ғалымдары жетекшілік еткен зерттеу тобы жасанды жүрегі бар науқастардың белгілі бір бөлігінде жүрек бұлшықетінің қайта қалпына келу мүмкіндігін анықтады. Бұл жүрек жеткіліксіздігін емдеудің жаңа әдістерін әзірлеуге және мүмкіндігінше оны толықтай емдеуге жол ашады, деп хабарлады Circulation журналында.

Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының мәліметінше, жүрек жеткіліксіздігі 7 миллионға жуық американдық ересек бар.  Сондай-ақ бұл жыл сайын 14%-ына адамның өліміне себеп болып отыр. Жүрек жеткіліксіздігін толық емдеу әдісі жоқ, дегенмен дәрі-дәрмектер оның дамуын баяулатуы мүмкін. Прогрессивті жүрек жеткіліксіздігін трансплантациядан басқа емдеу әдісі — жасанды жүрек деп аталатын сол жақ қарыншаға арналған көмекші құрылғыны қолдану. Бұл құрылғы жүректің қан айдауына көмектеседі.

«Сүйек бұлшықеттері жарақаттан кейін қайта қалпына келу қабілетіне ие. Егер футбол ойнап жатып бұлшықетті зақымдап алсаңыз, оған демалыс бергеннен кейін ол жазылады. Ал жүрек бұлшықеті жарақат алғанда, қайта қалпына келмейді. Бізде жүрек бұлшықетіндегі зақымданғаннан кейін кері қалпына келу мүмкіндік жоқ», – деді доктор Хешам Садек.

Садек халықаралық сарапшылармен бірлесе отырып, жүрек бұлшықеттерінің қайта қалпына келу мүмкіндігін зерттеді. Жоба Юта университетінің денсаулық сақтау бөліміндегі әріптестердің басшылығымен жасанды жүрегі бар пациенттердің ұлпаларымен жұмыс жасаудан басталды. Швециядағы Каролин институтының зерттеушілері Йонас Фрисен және Олаф Бергман адам жүрек ұлпасын көміртекті даталау әдісі арқылы зерттеп, бұл үлгілерде жаңадан пайда болған жасушалар бар-жоғын анықтады. Зерттеушілер жасанды жүрегі бар пациенттерде жүрек бұлшықетінің жасушалары дені сау жүрекке қарағанда алты есе жиі қалпына келетінін анықтады.

«Бұл – адам жүрегінің бұлшықет жасушаларының шынымен қалпына келетінін көрсететін ең сенімді дәлел. Бұл адамның жүрегінің қайта қалпына келу қабілеті бар екенін растайды», – деді Садек.

Садек пен Сарвер жүрек орталығы үшін жүрек жеткіліксіздігін емдеудің жаңа әдістерін табу басты міндет болып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру