Қоғамның әлеуметтік — экономикалық өмірінің ерекше саласы білім болып табылады, еліміздің болашағы, барлық саланың қарыштап дамып, өркендеп өсуі білім мен ғылымның даму қарқынына байланысты екендігі сөзсіз, яғни маңызды дүниелердің бірі – білімнің салтанат құруы. Білім, тәлім мен тәрбие мәселесі – қоғамымыздың болашағы болып табылады.
Ұлттық болмыс пен бірегейлікті сақтай отырып, сананы жаңғыртуда және білімділікке ұмтылдыруда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті https://farabi.university/ ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТТАРЫ аясында жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасы шетелдік жастарға ғылым, білім беру және тәрбиелеудегі орны ерекше.
Бұл факультет әлемнің озық, заманауи және таңдаулы үлгілері негізінде шетелдік жастарға жаңа деңгейдегі сапалы білім беруді қамтамасыз етуді көздейді. Сапалы білім білім беру жолында жаңа технологияларды қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман талабына сай жүзеге асуда. Алған білімдерін дамытып отыратын жеке тұлға қалыптастыруды қамтамасыз ету бағытында жаңа технологияларды қолдануға жол ашуда. Осы тұрғыда ұстаздар шетелдік тыңдаушылардың білім сапасын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында нәтижелі еңбек етуде.
Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының тәжірибелі оқытушы-профессорлық құрамы тыңдаушының білім деңгейін көтеру мақсатында қазіргі таңда қолданатын инновациялық білім беру құралдарын пайдалана отырып, әлемнің әр елінен келген ұлт өкілдеріне қазақ тілін меңгертіп, қазақ халқының салт — дәстүрін, ата тарихын үйретуде. Шетелден келген студенттер білімнің бастауын осы ұстаздардан алып, биік белестерге көтерілуде.
Ғылыми әрі кәсіби дәрежелері жоғары, білікті де білгір оқытушылардың тынымсыз ізденістерінің, қажырлы еңбектерінің нәтижесінде студенттердің әр түрлі деңгейдегі білімге деген сұраныстарын қанағаттандыру, қызығушылық танытқан шетелдік азаматтардың таным көкжиектерін кеңейту бағытында әр түрлі іс — шаралар ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған.
Шетелдік студенттермен жұмыстың өзі ұдайы ізденісті, шығармашылық көңіл — күйді қажет етеді.
Шетелдік тыңдаушылар әрқашан оларға сабақ барысында және сабақтан соң бүкіл оқу жылының барысындағы жаңа ортаға бейімделуге көмектесетін өздерінің оқытушыларына, білімнің бастауын осы ұстаздардан алып, биік белестерге көтеріліп, ұлттық тілімізбен, өнерімізбен және тіл мәдениетімізбен танысып, білімдерін ұштауда зор жетістіктерге жеткеніне қуанып, өз алғыс пікірлерін білдіріп отырады.
Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының
аға оқытушылары: Мужигова Г.М., Ж.Б. Саткенова,
Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының
докторанты Нусупбаева С.А.