ӘлемБасты ақпаратГалактикаҒылыми мақалаларЖаңалықтарИнновацияМүмкіндік

Қытай ғарыш академиясы болашақта «Тяньгун» ғарыш станциясы қандай болатынын айтты

Фотосурет: naked-science.ruсайтынан алынған
Қытай Халық Республикасы өзінің «Тяньгун» орбиталық станциясын шамамен екі жыл бойы сәтті басқарып келеді және оның мүмкіндіктерін кеңейтуге ниетті. 2022 жылдың қарашасында ғылыми «Мэнтянь» модулі орбитадағы ғарыш станциясына қосылып, оның құрылымы толық жиналды. Алайда болашақта станцияға жаңа модульдер қосылып, ол тағы да кеңейтілетін болады. Қытайдың Ғарыштық технологиялар академиясы (CAST) жақында «Тяньгун» станциясын жетілдіруге арналған қосымша модульдерді әзірлегенін мәлімдеді.

«Тяньгун» модернизациясы бірнеше кезеңдерде жүзеге асырылмақ. Бірінші кезеңде «Тяньхэ» негізгі модулін жаңарту жоспарлануда. Жаңартылған модуль Қытайда жасалып жатқан әмбебап «Манчжоу» ғарыш кемесін қабылдай алатын болады. Бұл кеме болашақта ғарышкерлерді Айға және орбитадағы станцияға жеткізуге қабілетті. Осылайша, Қытай болашақта өз станциясынан тыс аймақтарға да адамзаттың ғарыштық зерттеу мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған жаңа ғарыш сапарларын жүзеге асыруды көздеп отыр.
Сонымен қатар станция жақын арада «Xuntian» деп аталатын орбиталық оптикалық телескоппен жабдықталады. Телескоп тәуелсіз режимде жұмыс істейтін болады, бірақ қажет болған жағдайда оны техникалық қызмет көрсету, жөндеу немесе жаңарту үшін станцияға уақытша қосуға мүмкіндік бар. Бұл телескоп арқылы Қытай ғарышкерлері ғаламды зерттеу жұмыстарын күшейтуді көздеуде, бұл станцияның ғылыми әлеуетін едәуір арттыра түседі .

Аяжан Серікқызы

Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру