Жаңалықтар

«ҰРПАҚҚА ҰЛАСҚАН АМАНАТ» жазушы Төлен Қаупынбайұлын еске алу кеші

2025 жылғы 9 қыркүйекте Алматы облыстық орталық әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен жазушы Төлен Қаупынбайұлын еске алу кеші өтті. Шара аясында жас қаламгер Елдана Төленқызының «Қыз мұңы» атты повестер жинағының тұсаукесері өткізілді.

Кешке зиялы қауым өкілдері, жас әдебиетшілер, студенттер мен оқушылар қатысты. Салтанатты ашылу барысында жазушының шығармашылық жолына арналған деректі фильм көрсетіліп, қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған қаламгер, публицист Төлен Қаупынбайұлы туралы жүрекжарды естеліктер айтылды.

Сонымен қатар, жазушының АҚШ-та тұратын қызы Елдана Қаупынбай арнайы келіп, ата-анасының рухына арнаған жаңа кітабын көпшілікке таныстырды.

Шара соңында «Алатау әуендері» концерттік бірлестігінің «Құлансаз» фольклорлық-этнографиялық ансамблі әсем әндер орындап, мектеп оқушылары Мұқағали Мақатаевтың «Райымбек! Райымбек!» поэмасынан үзінділер оқыды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қазақ әдебиетіне жаңа есімдерді таныстыру, өмірден өткен қаламгердің елге сіңірген еңбегін еске алу, сондай-ақ әке жолын жалғап, өнегелі ісін жалғастырған ұрпақтың шығармашылығын насихаттау болып табылады.

Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру