Ақыл патшалығыӘлемБасты ақпаратҒажап-LiveҒылым тарихыҒылыми мақалаларЖаңалықтарЖігерленЖүзден жүйрік...Мүмкіндік

202 рет жылан шаққан ер адам жаңа уқайтарғыштың жасалуына үлес қосты

Америка Құрама Штаттарындағы Висконсин штатында тұратын Тим Фриде есімді азамат 20 жыл бойы өзін әлемдегі ең улы жыландардың уына «бейімдеп» келген. Бұл мақсатта ол өз еркімен 202 рет түрлі жыландардың шаққанына жол берген. Осы ерекше тәжірибе нәтижесінде оның қаны бірегей антиденелер жиынтығына бай болып, жаңа буын әмбебап уқайтарғыштың жасалуына негіз болды.

Тим Фриде алғаш рет мысырлық кобраның, кейін моноқапты кобраның шаққанына әдейі жол берген. Екі шаққан оқиға да оның үйінде орын алған.  Шаққан кезде әрдайым күйдіріп жібереді. Бір жолы екі кобра қатарынан шаққаннан кейін ол төрт күн комада жатқан. «Бұл ақымақтық болды ма? Иә. Бірақ мен мұны ғылым үшін жасадым», — дейді Фриде.
Ол жыландардың уын алып, алдымен өте аз мөлшерде, кейін көлемін біртіндеп арттыра отырып, өз ағзасына енгізіп отырған. Осылайша, оның ағзасы коралл жыландарының, қара мамбалардың және гремучий жыландарының уына төзімділік қалыптастырды.

Ғылымға үлес және зерттеу нәтижелері
Фриденің ерекше тәжірибесіне қызығушылық танытқан биотехнологиялық компания Centivax бас директоры Джейкоб Гланвилл оның қанын зерттеу үшін байланысқа шыққан. «Мен сенімен сөйлескім келді… сәл оғаш естіледі, бірақ маған сенің қаның керек», — дейді ол. Фриде болса: «Мен бұл қоңырауды көптен күткен едім», — деп жауап берген. Оның қанынан алынған антиденелер негізінде Гланвилл бастаған ғалымдар зертханалық тышқандарды 13 түрлі улы жылан уынан толықтай қорғаған антияд коктейль жасап шықты. Бұл коктейль — екі түрлі антидене мен вареспладиб деп аталатын уды бөгейтін препараттың комбинациясы. Тағы 6 жылан түрінің уынан жартылай қорғаныс қамтамасыз етілді деп хабарлады Cell журналында.

Ғылыми қауымдастықтың бағалауы және болашағы
Даниядағы Техникалық университеттің биотехнологы Андреас Х. Лаустсен-Киль бұл антиядты «бүгінге дейін жасалған ең перспективалы комбинациялардың бірі» деп бағалайды. Алайда ол бұл тек тәжірибелік дәрі екенін және әрі қарай сынақтар жүргізу қажет екенін атап өтті. Қазіргі таңда антиядтық коктейль үш негізгі токсиндік топқа қарсы бағытталған. Бұл — жылан уларына қарсы әмбебап қорғаныс жасау жолындағы маңызды қадам. Ғалымдар алдағы уақытта Австралиядағы ветеринариялық клиникалармен бірлесіп, иттерге жүргізілетін клиникалық сынақтарды бастауды жоспарлап отыр.
Тим Фриде 2018 жылы өзін-өзі иммундау тәжірибесін тоқтатқан. Бүгінде ол 57 жаста, денсаулығы жақсы, оның бауыры мен бүйрегі тұрақты тексеруден өтіп тұрады. «Тим ғылымға орасан зор үлес қосты. Бұл медицинадағы жаңа дәуірге жол ашуы мүмкін. Бұдан былай ешкімнің өзіне жылан уын енгізуіне қажеттілік жоқ», — дейді Гланвилл.

Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру