Жаңалықтар

Игі істердің бастауы БІЛІМ ОРДАСЫНДА

14 наурыз- «Көрісу күні» мерекесі мен қасиетті рамазайы айының қатар келуі игі істер мен қайырымдылыққа толы жақсылықтың нышаны ұласқан ширек ғасырда бір келер ұлы күн. Осы орайда әл-Фараби атындағы ҚазҰУhttps://farabi.university/, Жоғары оқу орынан дейінгі білім беру факультетінің ұйымдастыруымен тыңдаушылар жатақханасында екі жаңа асхананың ашылуы аталып өтсе, тағы бір игі істер амалына түрткі болған шара әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Тұрақты әлеуметтік даму жөніндегі Басқарма мүшесі – проректор Суатай Сәбит Құрманжанұлы және Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің деканы С.А.Сартаев мырзаның бастамасымен Дүниежүзі Қазақтар Қауымдастығы Алматы қалалық филиалының төрағасының қолдауымен әр елден Атамекенге келіп білім алып жатқан қандастыңдаушыларға бір реттік шәкіртақы тағайындалды.

Бұл ерекше қуанышпен өткізіліп отырған қос шараға кафедра әкімшілігі, арнайы қонақтар, оқытушылар мен тыңдаушылар қатысып, жаңа асханалардың қызметімен танысты.

Қос бірдей игілігі мол шараның бастама шымылдырығын жатақханадағы асханалар – студенттердің жайлы өмір сүруінің маңызды бөлігіне арнады. Жаңа асханалар заманауи жабдықтармен қамтамасыз етіліп, тыңдаушылардың дұрыс әрі теңгерімді тамақтануына, жайлы жағдайда ас ішуіне және оқу барысында күш-қуатын толықтыруына мүмкіндік береді. Мереке барысында қонақтар жаңа асханалардың заманауи мүмкіндіктерімен танысып, олардың тыңдаушыларға жасайтын қолайлы жағдайлары туралы пікір алмасты, шара ерекше жылы көңіл күйде өтті.

Бұл игі бастама тыңдаушылардың жайлылығын арттырып қана қоймай, олардың денсаулығы мен дұрыс тамақтануын қамтамасыз етуге бағытталған. Жаңа асханалар студенттерге қолайлы жағдай жасап, оқу процесінде олардың күш-қуатын толықтыруға көмектеседі. Тыңдаушылардың студенттік тұрмыс тіршілігіне жайлылық сыйлаған шараның жалғасын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ https://farabi.university/, Тұрақты әлеуметтік даму жөніндегі Басқарма мүшесі – проректор Суатай Сәбит Құрманжанұлы және Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің деканы С.А.Сартаев мырзаның бастамасымен Дүниежүзі Қазақтар Қауымдастығы Алматы қалалық филиалының төрағасы Омарәлі Әділбекұлы, «Қызай Ана» қорының теңтөрағасы Базарәлі Әріпұлы, кәсіпкерлер Бейнеарал Тоққазыұлы, Мерей Сламұлы, Ержан Шәріпханұлы, Құрмет Қадылқазыұлы, Дәурен Қалметұлы, Жармұхамбет Рақымбекұлы, Нұртай Нұрсапаұлы, Есентай Жолдыбайұлы, Айбын Оразғалиұлы, Райыс Әріпжанұлы, Гүлнар Сүлейменова, сондай-ақ әнші, ақын, сазгер Жанболат Құрманұлы және әншілер Бақыт Әсенқызы мен Нұршат Зейіпқанұлы мырзалардың қолдауымен тыңдаушыларға тағайындаған бір реттік шәкіртақыны білім алушыларға салтанатты түрде табыстап, тыңдаушыларды  алдағы оқу жолында табысқа жетуге шақырып, изгі тілектерін  білдірумен қатар екі бірдей шараның соңы үлкен мерекелік кешке ұласты.

Барша тыңдаушыларға сәттілік тілейміз, жаңа асханалар мен шәкіртақы иеленген тыңдаушыларға «Құтты болсын!» айтылды.

Аға буын мырзаларға тыңдаушыларды қолдап жатқанына алғысымызды білдіреміз!

ӘлФараби атындағы ҚазҰУ,  

ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының

оқытушылары: Г.М. Мужигова, Г.т. Тилеужанова, Ж.Б.Саткенова

Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру