Жаңалықтар

QyzPU жаңа физика зертханалары – сапалы педагогикалық білім берудің негізі

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалықуниверситетінде Физика, математика және цифрлық технологиялар институтының физика зертханаларының ашылу рәсімі өтті. Бұл зертханалар заманауи PHYWE және PASCO құралдарымен жабдықталып, болашақ физика мұғалімдерін даярлауда маңызды рөл атқарады.

Ашылу салтанатына УниверситеттіңДиректорлар кеңесінің төрағасы ОмарханНұртайұлы, QyzPU Басқарма-Төрағасы Ректоры Гүлмира Қанай, ғалымдар, мектеп директорларымен профессорлар қатысып, жаңа зертханалардыңлентасын қиды.

«Мұғалім балаларға дәріс беретінболғандықтан, оның білімі зор болуы керек. Бүгінгі таңда мектептерде техникалықжабдықтау жоғары деңгейде. Студенттеріміз солжабдықтармен жұмыс істей алуы тиіс. Білімдімұғалімнен жоғары білім алатын болса, олардың еліміздің экономикасына қосар үлесімол болады. Міне, осының бәрін ескеріп, зертханаларды барлық пәндерге қатыстыжаңартуды мақсат етіп қойдық. Мен университет оқытушылары мен студенттерінесенемін. Осы салада оларға тиянақты жұмыстілеймін»,деді Директорлар кеңесінің төрағасыОмархан Өксікбаев.

Физика-математика және цифрлық технологиялар институты физика кафедрасының алты жаңа зертханасының ашылуы университеттің ғылыми жұмысын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Зертханалар заманауи құралдармен жабдықталған. Атап айтқанда:

PASCO құралдарымен жабдықталған «Интерактивті сынып» зертханасы – физиканың жалпы курсын тереңдетіп оқытуға арналған. Бұл зертхана студенттерге физикалық заңдылықтарды түсінуге көмектесіп, олардың ғылыми ойлау қабілетін дамытады.

PHYWE құралдарымен жабдықталған «Интерактивті сынып» зертханасы – физиканыңжалпы курсын тереңдетіп оқытуға арналған, сондай-ақ физика бойынша демонстрациялық эксперименттер мен фронтальды зертханалық жұмыстарды жүргізу техникасын меңгеруге мүмкіндік береді.

Электр және магнетизм зертханасы – электромагниттік құбылыстарды зерттеуге арналған. Бұл зертхана студенттерге электр тізбегін құрастыру мен дұрыс пайдалану арқылы физикалық принциптерді түсінуді үйретеді.

Оптика зертханасы – жарықтың табиғатын, таралуын және оның затпен әсерлесу құбылыстарын зерттейді

Молекулалық физика және термодинамика зертханасы – молекулалық физика мен термодинамика теорияларын зерттеу және молекулалардың қозғалысын түсіну үшін арналған.

Мектеп физикасының пәндік зертханасы – болашақ физика мұғалімдеріне зертханалық жұмыстар мен эксперименттер жүргізудің техникасын үйретуге арналған.

«Бүгін физика пәні бойынша студенттергеқажетті 6 жаңа зертханалық кабинет ашылды. Бұл біздің университеттің студенттері мен оқытушылары үшін үлкен қуаныш. Қазіргіуақытта студенттерге жаңартылған форматта, жаңа бағдарламалар бойынша дәріс беру қажеттілігі туындап отыр. Осыған орай, заманауи құралдармен жабдықталғанзертханалар ашылып, студенттер осы құралдармен зертханалық жұмыстар жасап, білімдерін жетілдіретін болады. Физика пәнібойынша жаңа бағдарламалар мен силлабустарды жасау қажет. Осы бағыттажұмыс істеп, студенттерге дәріс бергенжағдайда, біздің физика мамандығында оқитынстуденттеріміз жоғары деңгейдегі біліктімамандар болып шығады деп ойлаймын»,деді Физика, математика және цифрлықтехнологиялар институты «Информатика» кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Кеңесбаев СерікМұхтарұлы.

Заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталғанжаңа зертханалар мен дәрісханалар оқу үдерісініңсапасын жақсартып, білім беру тиімділігінарттыруға жағдай жасайды.

«Мен физик маманымын және студенттержүргізетін эксперименттерді көріп жүріп, бірсәтке өзім де қайтадан бірінші курсқа түсіп, осы зертханалық жұмыстарды жасағым келіп кетті. Әсіресе, мен іргелі зерттеулерге, сондай-ақоптика, магнетизм және атомдық физика саласындағы маңызды эксперименттергеерекше назар аудардым. Бұлстуденттердіңзаманауи физикамен алғаш танысатын кезеңі. Осындай зертханалардың ашылғанына өтеқуаныштымын. Менің ойымша, әсіресеҚазақстанда, жаратылыстану және физика ғылымдары саласындағы мұғалім мамандығыең маңызды мамандықтардың бірі. Себебіадамның осы салаға қызығушылығын оятып, оны мемлекеттің экономикасы үшін қажетмамандыққа бағыттау және осы салада өзінқалыптастыруға көмектесу – аса маңызды іс. Мен университет үшін шын жүректенқуаныштымын»,деп атап өтті PhD, Физика-техникалық институтының ғылыми-зерттеу қызметіжөніндегі директор орынбасары Николай Алексеевич Чучвага.

Физика білім беру бағдарламалары аясындаашылған заманауи зертханалар студенттердіңтеориялық білімін тереңдетіп, ғылыми ізденістергебаулуға және практикалық дағдыларын дамытуғаықпал етеді. Эксперименттік жұмыстар арқылыолар заманауи құралдарды тиімді пайдаланып, логикалық ойлау қабілетін жетілдіреді.

Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру