NASA ғалымдары 2024 YR4 деп аталған жаңа астероидты анықтады, оның 2032 жылы Жерге соғылу ықтималдығы шамамен 1/43. Бұл аспан денесі алғаш рет 2024 жылдың 27 желтоқсанында NASA-ның Asteroid Terrestrial-impact Last Alert жүйесі арқылы тіркелген.
Астероидтың диаметрі шамамен 55 метр деген болжам жасады. Бұл оны адамзат өркениетін толықтай жойып жібере алатындай үлкен етпейді, алайда ол соғылған жағдайда ірі қалаларды жермен жексенетін қауіпі бар. Ғалымдардың есептеуінше, соққы қуаты 8 мегатоннаға дейін жетуі мүмкін – бұл 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының жарылысынан 500 есе күшті.
Қазіргі уақытта астероид Жерден алыстауда, бірақ алдағы онжылдықтарда ол бірнеше рет жақындайды. 2028 жылы алғаш рет едәуір жақын ұшып өтеді, содан кейін 2032-2074 жылдар аралығында тағы алты рет жақындау кезеңі күтіледі. NASA деректеріне сәйкес, ең қауіпті сәт 2032 жылдың 22 желтоқсанында болуы мүмкін.
Астрономдар 2024 YR4-ті Турин шкаласы бойынша 3-деңгейлі қауіп тобына жатқызды. Бұл деңгейде астероидтың ықтимал соқтығысуы қоғам мен билік органдарының назарын қажет етеді. Алайда ғалымдар мұндай нысандардың көпшілігі кейінірек қауіпсіз деп танылатынын атап өтеді. NASA және басқа да ғарыш агенттіктері мұндай қауіптерді жою үшін астероидтарды бағытынан ауытқыту әдістерін зерттеуде. 2022 жылы NASA-ның DART миссиясы астероидтың траекториясын өзгертуге болатындығын дәлелдеді. Астрономдар 2024 YR4-ті мұқият бақылап, оның Жерге қауіп төндіру мүмкіндігін анықтап жатыр.