ӘлемБасты ақпаратГенетикаҒалым мінберіҒылым қорыДенсаулықЖаңалықтарЖігерленЖүзден жүйрік...Инновация

ӨРМЕКШІНІҢ УЫНАН ШАБЫТ АЛҒАН ПРЕПАРАТ

Ғалымдар алғаш рет өрмекшінің уынан шабыттанған дәрінің жүрек талмасы кезінде зақымдалған тіндерді қалпына келтіру мүмкіндігін тексеріп жатыр. Келесі жылы жаз айыннан бастап жоба мүшелері Австралиядағы клиникалық зерттеулер орталығында молекуланың қауіпсіздігін тексеруді жоспарлап отыр.

Hi1a деп аталатын молекула австралиялық өрмекшіден алынған молекуланы имитациялайды. Ол жүрек талмасы кезінде жүрек тінінің қышқылға айналуын болдырмайды. Hi1a жүрек талмаларының тіндеріне тікелей әсер ететін алғашқы дәрі болады деп үміттенуде, деп хабарлады зертеушілер Live Science-ке берген хабарламасында. Дәріні жүрек талмасы кезінде қаншалықты тез енгізу керектігі әлі белгісіз. Команда Hi1a донорлық жүректердің санын көбейту үшін де қолданылуы мүмкін екенін хабарлады. Мысалы Hi1a донорлардың жүректерін алу процесінде болатын зақымданудан қорғай алады.

Жүрек талмасы кезінде жүрек бұлшықетінің клеткалары қан ағынының төмендеуі салдарынан оттегін ала алмайды. Бұл оттегі жетіспеушілігі клеткалық тізбек реакциясын тудырады, ал ол ASIC1a-ның жүрек бұлшықетінің клеткаларының әсер ету арқылы зарядталған молекулалар кіреді де, жүрек тінін  қышқыл болуына себеп болады. Бұл тіннің өліміне әкеледі.

Hi1a ASIC1a арналарын блоктап, бұл процестің жүруін қысқартады, деп хабарлады Гленн Кинг, Австралиядағы Квинсленд университетінің молекулярлық биология профессоры. 2023 жылы Еуропалық жүрек журналында жарияланған зерттеуде Кинг және оның әріптестері Hi1a инъекциясы тышқандарды жүрек талмасының кезінде қан ағыны болмағаннан кейін зақымданудан қорғауға қабілетті екенін көрсетті. Дәл сол секілді адам жүрек бұлшықетінің клеткаларында да осындай әсер еткені байқалды.

Егер бастапқы сынақ сәтті өтсе, зерттеу тобы одан да ауқымды сынақтарға көшеді. Олар осы кешенді сынақтарды, Фаза II және Фаза III деп аталатын дәрінің қауіпсіздігі мен тиімділігін анықтау үшін пайдаланады. Дегенмен клиникалық сынақтар ұзақ уақыт алады. Жүрек зақымдарын қалпына келтіруге арналған бірнеше дәрілер жануарларда оң нәтижелер көрсетті, деп хабарлады Ұлыбританиядағы Лидс университетінің клиникалық оқытушы және Ұлттық денсаулық сақтау қызметінің кардиолог-консультанты доктор Хираджнарайн Буллак Live Science-ке берген электрондық хабарламасында.

Сурет ашық деректерден алынды

Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру