Ақыл патшалығыБасты ақпаратҒажап-LiveҒылым қорыЖаңалықтарЖігерленИнновацияТехнология

БІР МИКРОТОЛҚЫНДЫ ПЕШТЕ 100-ДЕН АСТАМ БАКТЕРИЯ

Фотосурет «GK HART/VICKY HART/STONE/GETTY IMAGES PLUS»-тан алынған

Микротолқынды пештің сәулелендіруі микробтардың пайда болуына мүмкіндік бермейтін тәрізді көрінеді. Алайда микротолқынды пештерден алынған тампондар әртүрлі жерлерде 100-ден астам бактерия штаммдарын анықтады, деп хабарлайды зерттеушілер «Frontiers in Microbiology» журналында. Зерттеушілердің айтуынша, бұл ғалымдардың микротолқынды пештерде мекендейтін микробты қауымдастықтарды алғаш рет құжаттауы болып отыр.

Микробиолог Мануэль Поркар мен оның әріптестері үш түрлі жағдайда белсенді пайдаланылған 30 микротолқынды пештің, соның ішінде қабырғалары мен айналмалы табақшаларының ішін сүртті. Оның ішінде 10 пеш ас үйден, 10 зертханадан және тағы 10 кафетерий сияқты ортақ орындардан алынды. Тампон үлгілері зертханалық табақтарға ауыстырылып, нәтижесінде бактериялардың айтарлықтай өсуі байқалды.

Бактериялық колониялардың ДНҚ-сын талдау «Proteobacteria», «Firmicutes», «Actinobacteria» және «Bacteroidetes» басым екенін көрсетті, олар әдетте адамның терісінде және адамдар жиі жанасатын заттарда кездеседі.  Бұл ас үйдің микротолқынды пештерінен шыққан тағамнан улануына себеп болатын «Klebsiella» және «Brevundimonas» бактериялары пайда болуына мүмкіндік тудырады. Бұл бактерия штаммдарының микротолқынды пештерде қалай өмір сүре алатыны белгісіз, деп атап өтті ғалым. Сондай-ақ олардың жоғары температура мен электромагниттік сәулеленуге қалай бейімделгенін түсіну үшін қосымша зерттеулер қажет дейді зерттеушілер.

Испаниядағы Валенсия университетінің ғалымы Поркар микротолқынды пештерден табылған микроорганизмдердің ас үйдегі басқа да құралдарында кездесетін бактериялармен бірдей екенін атап өтті. «Олардың кейбіреулері патогенді, сондықтан тамақпен жанасатын ас үйдің кез-келген затты тазалаудан маңызды ештеңе жоқ», дейді ол. Дегенмен, ол ас үйдегі микротолқынды пештер ерекше алаңдаушылық туғызбайтынын атап өтті.

Назым МАЛИККЫЗЫ

Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру