Бір қуанышты жаңалық естісе, сүйінші сұрап жүгіретін халқымыз салт-дәстүрдің не екенін ұмытқан ба? “Айна”бағдарламасының тілшісі Алдияр Айтпаевтың түсірген сюжетін көріп сондай ой түйдім.
Қала тұрғындарына жасалған тәжірибе барысында халқымыздың өз салт-дәстүрін ұмытқаны анық көрінді. Бәсіре мен байғазыны білмеген халықтың ұлты қандай? Әрине, қазақ.
Қазақ бола тұра, өз салт-дәстүрін білмеген қала тұрғындары көптің ашуын тудырды, тек қана сүйіншіні жаттап алған халық қалған салт-дәстүріміздің бірін де ауыз толтырып айта алмады. Біреуді сөккенде алдымызға жан салмаймыз, өзімізге келгенде кір жуытпаймыз. Салт-дәстүрін ұмытқан халық өзінің кім екенін ұмытпасына кім кепіл? Сондықтан, салт-дәстүрге арналған іс шараларды көбейту керек! Жас буын өзінің кім екенін білу керек!
Аманжол Ербосынұлы