Ғалым мінберіЖаңалықтар

Қазақстандық биотехнолог  органика қалдықтарын өңдейтін әдіс ойлап тапты

 Бұл жоба үш жыл бұрын іске қосылды. Әдістің басты компоненті — «Қара сарбаз» шыбыны. Шыбынның бұл түрі Қазақстанда кездеспейді. Сондықтан биотехнолог Серікхан Айдарханұлы  оларды Ресейден алдыртып, Қазақстанда өсіреді.

Мәселен, шыбынның дернәсілі кез келген қалдықтың 99%–ін өңдейді. Дернәсіл — жәндіктің шыбынға айналғанға дейінгі түрі. Шамамен үш-төрт мың құрт 300-400 келі қалдықты өңдей алады. 45 күннің ішінде жәндік жұмыртқадан шыбынға айналады.

Осы уақыттың алғашқы екі аптасында дернәсіл тағам қалдығы салынған «бассейнге» салынады. Олар сол «қоқыспен» қоректеніп, өсіп шығады. Қазір ҚазҰУ-дан шығатын тағам қалдығының бәрі осы технология арқылы өңделеді.

Одан кейін ол қара түсті құртқа айналып, шыбын болуға дайындалады. Ал үш апта өткен соң шыбынға айналады. Екі аптада шыбын жұмыртқалайды да, тіршілігін тоқтатады. Осы жүйе арқылы цикл жалғасады.

Шыбын дернәсілі өңдеп шыққан қалдықтың ары қарай пайдалануға әбден болады. Мысалы, өңделген қалдықтан табиғи таза тыңайтқыш өндіріледі. Мұны «зоогумус» деп атайды. Бұл зиянкестермен күресуге өте тиімді, — дейді Серікхан Айдарханұлы.

Оған қоса ғалым құрттың бір бөлігін арнайы аппаратқа салып кептіріп, дәруменге толы өнім жасайды. Бұл өнімді көбіне құс, балық шаруашылығымен айналысатындар жем ретінде сатып алады. Шыбынның дернәсілін ұнтақтап араластырып, ірі қара малға азық ретінде де береді. Бұл қорек малдың дертке шалдығуын азайтып, сүтін артады.

Ғалым, шыбынның дернәсілімен қоректенген малдың еті құнарлы болатынын айтады. Өйткені құрттардың денесінде барлық аминқышқыл, соның ішінде лизин және метионин сияқты биологиялық құнды заттар бар.

Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру