Жаңалықтар

Үнді аппараты Айға сәтті қонды

Үндістан Мәскеу, Вашингтон және Бейжіңнен кейін Айға құрылғысын сәтті жеткізген тарихтағы төртінші мемлекет атанды.

Жоғалып кеткен «Луна-25»-ке қарағанда үнді миссиясының мүмкіндігі жоғары бағаланды.

Құрылғы тағы бір «Чандраян-2» Ай орбиталық аппаратының қосымша қолдауымен қондырылды.

Аппараттар арасында екіжақты байланыс орнатылғаны хабарланды. Айдағы екінші «Чандраян» сигнал «Welcome, buddy!» («Қош келдің, жақын!») жіберіп, жеткізілгенін растайтын жауап алған.

Үнді аппаратынан кейін ұшырылып, бірақ ерте қонбақшы болған «Луна-25»-ке қарағанда «Чандраянның» орбитада сырғанап, қонуға ыңғайлы орынды асықпай қарайтын уақыты көп болды.

Қонған сәтін тікелей эфирден көруге болады.

Үндістанның ғылым және технологиялар министрі Джетендра Сингх үшінші «Чандраянның» құрылыс компоненттерінің бүкіл тарихы көрсетілген таймлапс (жылдамдатылған видео) жариялады.

Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру