ЖаңалықтарИнновация

Сиыр сүтін алмасытратын отандық өнім шығарылмақ

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің ғалымдары лактозаға аллергиясы бар жандар үшін сиыр сүтіне балама сусын ойлап тапты.

Ғылыми жоба жетекшісі биология ғылымдарының кандидаты Гүлназым Оспанқұлованың айтуынша, жоба коммерцияландырылып, өндіріске енгізілмекші.

Лактозасыз сүттің құрамына арпа, бидай, сұлы, күріш және соя өсімдіктері кіреді. Ғалымдар өсімдік негізіндегі сүтке сұраныстың көп болатынына сенімді. Себебі, лактозаға ағзасы кері әсер беретін адамдар саны жер жүзінде 75 пайызды құрайды екен.

Ғылым қорының гранты аясында тиісті жабдықтар сатып алынып, зауыт ашу жоспарланған. Күніне 8 мың литр сүт шығаратын жаңа зауыт ішкі нарық сұранысын толық қамтиды деп отыр мамандар.

Әрине, сүт өнімдерін алмастыратын басқа өнімдер жоқ емес. Дегенмен, отандық ғалымдар оның сапасына әрі бағасына көңіл толмайтынын алға тартады.

Отандық өнімнің сапасы арнайы зертханада бақылаудан өтіп, мамандар дайындалу рецебін жасайды. Оның органикалық қасиеттері де ескерілетін болады. Рейтингі жоғары ғылыми журналдарға ғылыми мақала жарияланып, оған тіпті Қытай ғалымдары да қызығушылық танытқан.

Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру