Эндаумент қорында бүгінгі күнге жиналған сома 488 342 200 теңгені құрайды. Солардың ішінде қазақ тілінің дамуына үлкен үлес қосып келе жатқан бірден-бір компания – TAS Group компаниялар тобы. Бұл мекемеде барлық жұмыс процестері тек қазақ тілінде жүргізіледі.
Сондай-ақ, компания мемлекеттік тілді білмейтін қызметкерлерді жұмысқа қабылдамайды және қызметкерлерге қазақ тілінің деңгейін жақсарту мақсатында тегін курстар ұсынады.
Компанияның жеке брендіне айналған «Қазақша сөйле» жазбасы бар футболкалары жұма күнгі киім үлгісінің бір бөлігіне айналып, корпоративтік дресскод ережелеріне енгізілді.
Бұл бастама компания қызметкерлерінің қазақ тілін белсенді қолдануын қолдауға бағытталған.
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы өзінің тұрақты әрі ұзақмерзімді дамуын қамтамасыз ету мақсатында Qazaq Tili Endowment Qory құрылды. Бүгінгі таңда қордың жинаған сомасы 500 миллион теңгеге жуықтады, оның 100 миллион теңгесін TAS Group компаниясының басшысы Дулат Тастекей аударды.