Миллиардтаған жылдар бұрын, адамдар өмір сүрмеген кезде метеориттер жиі Жерге соғылатын. Солардың бірі шамамен 3,26 миллиард жыл бұрын құлған метеорит. Ол әлі күнге дейін Жердің ашылмаған құпияларды ашуға ықпалын тигізіп жатыр.
Жердің бұрынғы кезеңін зерттейтін геолог және Жер мен планетарлық ғылымдар кафедрасының доценті Надя Драбон планетамыздың ежелгі дәуірлерінде қандай болғанына қызығушылық танытып, зерттеу жүргізді. 3 миллиард жыл бұрын болған «S2» деп аталатын метеориттік соққының геологиялық дәлелдері қазіргі Оңтүстік Африкадағы Барбертон Гринстоун белдеуінен табылды. Тау жыныстарынан үлгілер жинау және зерттеу, олардың шөгінділігін, геохимиясын және құрамындағы көміртегін талдау арқылы Драбон тобы метеорит көлемі төрт Эверест тауындай болған сол күнгі оқиғалардың ең наным деп саналған көрінісін зерттеді. S2 метеориті, динозаврларды жойған метеориттен 200 есе үлкен деп есептелген. Оның салдарынан ауқымды цунами пайда болды. Соққының жылуы мұхиттың жоғарғы қабатын қыздырып, атмосфераның да қызуына түрткі болды. Алайда бактериялар бұл процес кезінде тірі қалған. Команданың талдауына сәйкес, соққыдан кейін бактериалды тіршілік тез қалпына келді. Бұл кезде фосфор және темір элементтерімен қоректенетін біржасушалы организмдер популяциясында кенеттен өсу байқалды. Темір жоғарыда аталған цунамиден кейін терең мұхиттан таяз суларға қарай жылжытылды, ал фосфор метеориттің өзімен және құрлықтағы жел мен эрозияның артуымен бірге әкелінді.
Драбонның талдауы көрсеткендей, темірмен қоректенетін бактериялар соққыдан кейін жақсы дамыған. Бұл өзгеріс, қаншалықты қысқа болса да, Жердегі тіршіліктің маңызды бөлігі болды. Драбонның зерттеуіне сәйкес, метеориттер соққысы тіршілікті жояды деп есептелгенімен (соның ішінде 66 миллион жыл бұрын динозаврларды жойған оқиға), мұндай соққылар тіршілік үшін жаңа мүмкіндіктер берген болуы мүмкін.
«Біз соққы тіршілік үшін апатты деп ойлаймыз. Алайда бұл зерттеу нәтижесі соққының тіршіліктің өркендеуіне ықпал еткенін көрсетеді, әсіресе ерте кезеңде осындай соққылардың өмірдің дамуына жол ашқан болуы мүмкін», – дейді Драбон.
Назым МАЛИККЫЗЫ