Жаңалықтар

Мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті орган азаматтар мен қызметшілердің құқықтарын қоғауда

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Атырау облысы бойынша департаменті өз қызметінде жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттік қызметшілердің арыз-шағымдарын қарап, заңнама аясында бұзушылықтарды жою бойынша жедел ісшаралар қабылдауда Qazaq Science ғылыми-танымдық порталы.

Сонымен қатар,  мемлекеттік қызмет қағидаттарын жүзеге асыру аясында шағымдарды қараумен шектеліп ғана қоймай, мониторинг, талдау жұмыстарын жүргізу арқылы да мемлекеттік қызметшілердің де құқықтарын қорғау бойынша тиісті жұмыстар атқарылған.

Осы тұста, тексеру іс-шараларымен Департаменттің 50-ге жуық азаматтардың бұзылған құқықтары қалпына келтіріліп, мемлекеттік органның лауазымды адамдарының тәртіптік жауапкершіліктері қаралғандығын Департамент басшысы Е. Ермаханбетов атап өтті.

Мысалы, Е. Ермаханбетовтің айтуынша, Департаменттің жұмысы нәтижесінде мүгедектігі бар азаматтың бұған дейін туындаған кедергілердің салдарынан жүзеге асыра алмаған әлеуметтік мәселесі шешіліп,
ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау департаментіне тіркелу және өзге де рәсімдердің жүргізілуі арқылы мемлекет тарапынан оларға кепілдік берілген әлеуметтік құқығының қорғалуына септігін тигізген.

Сол секілді, өзге азаматқа Атырау қаласының орталық көпір аумағынан шағын көлемді кемесімен жасап отырған жұмысына заңсыз әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылғандығы, қызметінің тоқтауына алып келгендігі анықталып, мемлекеттік органға ұсыныс енгізіліп, қызметкердің тәртіптік жауапкершілігі қаралған және шешім қабылдау үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға одан әрі жолданған екен. Оның нәтижесі азаматтың бұзылған құқықтарының қалпына келтірілуіне ықпал еткен.

Осылайша, уәкілетті орган деректеріне сүйенсек, Департамент сол аумақтағы мемлекеттік органдардың қызметіндегі заңбұзушылықтарын анықтап, оларды дереу жою жұмыстарын жүргізіп, сондай-ақ алдын-алу шаралары қабылданатындығын көрсетті. Және Департамент құқықтық аспектілердің жүзеге асырылуына, мемлекеттік қызметшілердің өсу тенденцияларына көңіл бөліп, сондай-ақ органдардың заңсыз әрекеттермен күресіп ғана қоймай, мемлекеттік қызметшілердің де құқықтарының сақталуы мәселесін қатар алып жүреді екен.

Е. Ермаханбетов осы жұмыстардың бірегейіне тоқталып өтті.

Мысалы, тиісті мемлекеттік қызметшілердің қызметтеріне бағалау жүргізіліп, 2,5 миллион теңге тиесілі қаражаты берілген, 418 126 теңге іссапар шығындары мен 298352 теңге еңбекақы, жәрдемақы төлемдерінің өсімпұлдары төленсе, 2,6 миллионнан астам теңге мөлшерінде жұмыстан шығу жәрдемақылары, негізсіз үстеме жұмыс үшін 1,4 миллионнан астам теңге мөлшерінде төлем ақылар өтеліп берілген, жүктеме жұмыс жасап отырған қызметкерге ақысының 20 %-ы көлемінде үстемақысы жүргізілген, негізсіз артық жұмысқа тартылған 107 қызметкерге ақы төленетін демалыс күндері берілген, атқаратын қызметінен заңсыз төмендетілген 1 қызметкер лауазымына қайтадан орналастырылып, еңбекақысының айырмасы өтелген.

Сол секілді, Департаментке жүгінген Махамбет ауданы әкімдігінің
2 қызметшісінің штаттарының қысқартылуына байланысты 2 млн. теңгеге жуық жәрдемақыларының төлемдері өтеліп, қызметшілердің заңнамамен кепілдік берілген әлеуметтік кепілдіктері қорғалған.

Сондай-ақ, Департаменттің нұсқамасы негізінде тиісті уәкілетті адамдардың 30-ға жуық актілерінің күштері жойылған.

Одан бөлек, соңғы айлардың өзінде Атырау мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің және Мемлекеттік сәулет құрылыс бақылау басқармасының қызметкерлерінің оларға тиесілі 400 мың теңгеге жуық қаражат сомасы төлетіліп, заңбұзушылығы бойынша Ақкөл және Азғыр ауылдық округі әкімдері жазаланып, қатардағы қызметкерлердің мүдделері қорғалған.

Сонымен қатар, Атырау облыстық аумақтық ветеринариялық бақылау инспекциясының бас маманының қызметтік қажеттіліктермен қамтамасыз ету бойынша және үздіксіз қызмет атқаруы барысында өтемақылардың өтелуі немесе демалыстарға шығару туралы нұсқама енгізілен.

Департамент басшысы мұндай жұмыстардың одан әрі жалғасын табатындығын тілге тиек етті.

 

 

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті баспасөзі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру