Жаңалықтар

Парламент депутаттары каникулға кетті

Бүгін, 28 маусымда Қазақстан Парламенті мәжілісі мен сенатының депутаттары демалысқа шықты, деп хабарлайды Qazaq Science ғылыми- танымдық порталы,“Адырна” ұлттық порталына сілтеп.

Қос палатаның бірлескен отырысында Ерлан Қошанов өткен сессия «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласының тиімділігін дәлелдегенін атап өтті.

Оның айтуынша, Парламент палаталарының бес бірлескен отырысы, Мәжілістің 39 жалпы отырысы және Сенаттың 43 жалпы отырысы өткізілген. 179 заң жобасы қаралып, 102 заң жобасы қабылданған.

Депутаттардың қазіргі құрамы 2023 жылы сайланған еді.

Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру