Жаңалықтар

Ғылым саласын басқарудың жаңа моделіне көшуді бастадық — Смайылов

Жоғары білім және ғылым форумында Премьер-министр Әлихан Смайылов видеоүндеу жолдады,  хабарлайды qazaqscience.kz сайты  Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. 

Үкімет басшысы жоғары білім және ғылым саласы мамандарын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.

«Жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында педагогтер мен ғылым саласының қызметкерлері осы айтулы іс-шараны асыға күтеді. Ғылым мен жоғары білімнің даму мәселелері Мемлекет басшысының жіті назарында екенін өздеріңіз білесіздер», — деп айтты Смайылов.

Үкімет басшысы форум ғылым мен жоғары білім саласының өзекті мәселелерін талқылайтын, жаңк оқу жылының негізгі бағыттарын анықтайтын ашық алаң екенін атап өтті.

«Адами капиталды қалыптастыруда мемлекеттің интеллектуалдық әлеуетін арттыруда бұл саланың маңызы зор екені айқын. Біздің алдымызда Мемлекет басшысының тапсырмалары мен оған сұраныс аясында бірталай міндет тұр. Бұл міндеттерді сапалы орындау үшін Үкімет биыл наурызда ҚР-да жоғары білімді және ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын қабылдады. Алдымызда еліміздің ғылым саласын қайта жүктеу міндеті тұр. Осы бағытта ғылымды басқарудың жаңа моделіне көшуді бастадық.Негізгі мақсат — ғылым мен жоғары білімнің дамуы экономиканың өсуіне және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағыттау»,- деді Смайылов.

Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру