Ақыл патшалығыӘлемБасты ақпаратҒалым мінберіДенсаулықЖаңалықтарЖігерленМүмкіндікСпорт

Жүгіру — Альцгеймерге қарсы: Жадыны қорғайтын гендерді іске қосады

Mass General Brigham және SUNY Upstate Medical University зерттеушілері Альцгеймер ауруының танымал доклиникалық үлгісін және жетілдірілген РНҚ секвенциялау әдісін қолдана отырып, физикалық жаттығуға ең белсенді жауап беретін ми жасушаларын анықтады, деп хабарлады Nature Neuroscience журналында.

«Біз бұрыннан жаттығудың миға пайдалы екенін білсек те, қандай жасушалар мен қандай механизм арқылы әсер ететінін нақты білмейтінбіз. Енді бізде Альцгеймер кезінде жад орталығы саналатын гиппокамптегі жасушаларға жаттығудың қалай әсер ететіні жайлы нақты молекулалық карта бар»,– дейді зерттеу жетекшісі, нейробиолог, доктор Кристиан Д. Вранн.
Зерттеу гиппокамп аймағына бағытталған. Бұл – есте сақтау мен үйренуге жауапты мидың негізгі бөлігі және Альцгеймердің алғашқы кезеңінде зақымданатын аймақ. Ғалымдар арнайы үйретілген тышқандарды жүгірткі дөңгелегіне жаттықтырып, олардың есте сақтау қабілетінің жақсарғанын анықтаған. Сосын мыңдаған ми жасушаларындағы ген белсенділігін талдаған.
Нәтижесінде жаттығу микроглия (аурумен байланысты жасушалар) мен нейрососудистік астроциттер (қантамырмен байланысқан ерекше жасушалар) белсенділігін арттыратыны анықталған. Сонымен қатар Atpif1 атты метаболикалық геннің жаңа нейрондар түзілуін реттейтіні де белгілі болды.

«Біз жаңа туындаған нейрондарды нақты гендер арқылы белсендіре алғанымыз — зерттеуіміздің келешекке үлкен әлеуеті бар екенін көрсетеді»,– дейді авторлардың бірі, доктор Джоана Да Роша.

Аталған нәтиже адам миының нақты тіндерінде де дәлелденген. Ауруға шалдыққан адамдардың ми тіндерінен алынған деректер жануарлардағы нәтижелермен ұқсас болған.

«Бұл зерттеу физикалық жаттығудың миға қалай әсер ететінін ашып қана қоймай, болашақта Альцгеймерді емдеуге көмектесетін нақты жасушалық мақсаттарды ұсынады»,– дейді бірлескен автор, биостатист Натан Такер.

Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру