Жаңалықтар

«Еңбек-еңсе көтереді» жобасы өз мәресіне жетті

Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының Қоғамдық даму орталығы қолдауымен ұйымдастырылған «Еңбек-еңсе көтереді» жобасы аясында бірнеше маңызды іс-шаралар ұйымдастырылды.
Олардың барлығы оқушылардың тұлғалық және кәсіби дамуына, еңбекқорлыққа, көшбасшылыққа және білімдерін кеңейтуге бағытталды.

Жоба аясында өз еңбегімен белгілі бір дәрежеге жеткен адамдармен мектеп оқушыларына мамандық таңдауға, еңбекке баулуға бағытталған бірнеше мотивациялық кездесулер өтті. Кездесу спикерлері полиглот Мади Фазыл, стомотолог әрі кәсіпкер Ерболат Бөріхан және IT саласының үздігі Айболат Құлатай болды. Кездесулер оқушыларды еңбекқорлық пен өзін-өзі дамытуға шабыттандырып, олардың тұлғалық өсу жолындағы мотивациясын арттырды.

Мотвациялық кездесулерден бөлек табысты тұлға бейнесін имидждік ілгерілету мақсатында Алматы қалалалық мектеп аралық «ENBEK CUP» пікірсайыстық турнирі ұйымдастырылды.
Турнир барысында оқушылар сыни ойлау, шешендік өнер және көшбасшылық дағдыларын шыңдады. Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен және арнайы сертификаттармен марапатталды. Сондай-ақ, үздік спикерлер мен төрешілер арнайы номинациялар бойынша танылды. Іс-шара жастардың белсенділігі мен көшбасшылық қабілеттерін дамытуға үлкен үлес қосты.

«Еңбек-еңсе көтереді» жобасы аясында ұйымдастырылған іс-шаралар жастарға кәсіби дамуға, жаңа дағдыларды игеруге және өз болашағына сеніммен қарауға ерекше мотивация берді. Осындай бастамалар арқылы жастардың еңбекқорлығы мен көшбасшылық қасиеттерін арттыруға бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру