Белгілі кәсіпкер Дулат Тастекей Гарвард бизнес мектебіндегі оқуын аяқтау үшін АҚШ-тың Бостон қаласына бағыт алды. Қазан айының соңында меценат әлемдегі үздік оқу орнын тәмамдап, қолына дипломын алмақ.
«Мен кәсіпкер ретінде TAS GROUP компаниясының табысы мен шығынын ғана емес, даму бағыттарын айқын білуім керек. Ол үшін әртүрлі салада – маркетинг, HR, IT болсын, жаңалықтары мен тенденцияларынан хабардар болуым қажет. Әр алған білімім кәсіпкер, адам ретінде біліктілігімді арттырады.
Ал біліктілігім артқан сайын компанияны басқару ісі жақсарады, оны масштабтандыру мүмкіндігі ұлғаяды.Компанияның дұрыс басқарылуы мен масштабтануы көбірек пайда әкелуге мүмкіндік береді. Ал бизнес¬тің ұлғаюы – менің тұлға ретінде дәулетті адам қатарына қосылуым. Жұмысты қолмен емес, баспен істеу маңызды.
Баспен істеу – білімнің арқасында өсу, білімді біліктілікке айналдыру арқылы жоғары деңгейдегі маман ретінде қаржы табу мүмкіндігін арттыру.
Адамның дәулетін арттыру үшін біліктілігі өсуі керек, оның көзі – білім»,- деді Дулат Тастекей Forbes басылымына берген сұхбатында.
Айта кетейік, Гарвард бизнес мектебін санаулы қазақстандықтар тәмамдаған. Олардың арасында миллионер Айдын Рахымбаев та бар.