Орта ғасырда Еуропа жұрты діни надандықтың зардабын әбден тартқан. Католик шіркеуінің ақ дегені — алғыс, қара дегені — қарғыс болып тұрған кез. Бір ғана «жуынуға болмайды» деген надан пәтуәмен европалықтар бірнеше ғасыр өмір сүрген-ді. Қаншама адам денесіне су тимегенін мақтан тұтатын болған еді. Нәтижесінде неше түрлі инфекциялық аурудан қаншама адамдар қырылған-ды
Джордано Бруно дәл осы қасиетті инквизиция кезінде өмір сүрген. Әдетте діншілдер ғалымдарға өлердей қас болып келеді ғой. Еуропаны жаулап алған жаппай діни надандыққа, жамағаттық түсінікке, тобырлық санаға Бруно жиіркенішпен қарайтын еді. Ол ішіндегі ойын ашық айтатын, бір беткей мінезді адам еді. Соның кесірінен бір елден қуылып, тағы бір елге өтіп, бүкіл Еуропаны аралап өмір сүрген. Ол өзінен бұрын өмір сүрген Николай Коперниктің астрономиялық еңбегін қатты бағалаған. Яғни, бұл әлемнің діншіл надандар айтқандай емес екеніне көзі жетеді.
Діншілдер жерді домалақ деп ойламайды. Олар күн мен ай жерді айналып жүр деп пайымдайды. Бірақ Бруно жердің домалақ екенін, күн жерді емес, керісінше жер күнді айналып жүргенін ашық айта бастайды. Бұны естіген діншіл топтың төбе шаштары тік тұрумен болады. Бруно бұнымен де тоқтамайды. Надан діншілдерді айыптап діннің қателіктерін тізе бастайды.
1592 жылы Бруно тұтқындалып зынданға қамалады. Оны бақандай сегіз жыл бойы зынданда ұстап, ұрып, соғып бетін қайтаруға тырысады. Бірақ бір беткей Бруно өз пікірінде “твёрдо” тұрады. Содан оған инквизициялық сот басталады. Бруно сөзінен қайтпаса өзін діншілдер өртеп өлтіретінін біледі. Олар оған көп рет ескертеді де. Егер өз пікірінен қайтса инквизиция оны босататын еді. Бірақ Бруно шектен шыққан бір беткей еді. Соңында ақпан айының 8-і күні Бруноға ұзақ уақыт үкім оқылып жатқанда діни топастыққа шыдамаған Бруно: «Оқып жатқан үкімдерің қандай жиіркенішті еді, оны қорқып, дірілдеп оқып тұрғаныңды сезіп тұрмын, ертең тарих алдында қарабет боласыңдар» деп айқайлайды.
17 ақпан күні Бруноны Рим қаласындағы Кампо-дей-Фиори алаңына арнайы адам өртейтін костёрдың үстіне шығарады және оған соңғы сөз береді. Сонда Бруно: «Қаһармандық рухтағы қас батырларға бүкіл жаманшылық бақ болып оралады. Олар тұтқынға түссе де оны ұлы еркіндіктің жемісі ретінде қабылдай алады. Жеңілістің өзін келесі бір жеңісінің жәрдемшісі қыла алады. Менің бүгінгі жағдайым ешқандай да жеңіліс емес, керісінше — жеңіс» деп мәлімдейді. Артынша оны өртеп жіберіп, санасыз тобырлар сайтанды өртедік мәз болады.
Арада үш ғасыр өткен соң Еуропа жұрты надан діншілдіктің құрсауынан босап шығып өркениет жолына түседі және 300 жыл бұрын Джордано Бруноның сұмдық әділетсіздіктің құрбаны болғанына көздері жетеді. Сондықтан 300 жыл бұрынғы ғалымды өртеп жіберген дәл сол алаңға Джордано Бруноға арнап теңдесі жоқ ескерткіш мүсін орнатады.
Мен Джордано Бруноның қайтпас қайсар рухына тәнті екенімді айтқым келеді. Қаншама жылдар бойы осы оқиғаны үнемі зерттеп ойланамын.
«Жұлдыз із тастап ағады» деген сөз бар қазақта. Артына теңдесі жоқ өшпейтін із қалдырған қайсар рухты ғалымның ерлігіне басымды иемін. Надандықпен күресудің теңдесі жоқ үлгісін көрсетті деп білемін. Мен дәл бұлай күресе алмас едім. Әйтпесе мен де мінезді жігіттердің бірімін. Бірақ надандыққа қарсы дәл Джордано Брунодай табанды күрескен адам жоқ.
Осы Фейсбуктың өзінде неше түрлі саяси тобыр, жамағаттық отыр. Оларға қарсы көп адам ауыз аша алмайды. Керісінше солардың ығына жығылып сөйлейді.
Баяғы заманда надандыққа қарсы Пайғамбарлар күрескен. Мысалы екі мың жыл бұрын өмір сүрген Иса пайғамбардың өзін де санасыз тобырлар әбден азаптап ұрған ғой. Бірақ Пайғамбарлардың рухы тікелей Тәңірлік әлемге жалғанғандықтан қуыс кеуде надандар оларға қарсы күресте жеңіске жеткен емес.
Джордано Бруно пайғамбар емес қой. Оның бойына осыншама қайсар рух қайдан келді? Ол неге өз ұстанымына осыншалықты сенімді болды? Неге санасыз тобырлар жаққа секіріп кете салмады?
Менің санамда Джордано Бруноның есімі үнемі жарқырап тұра береді.
Орта ғасырлық Еуропадағы діни надандық (ислам діні формасында) біздің елге ауысқан сияқты. Құдай бұлардың қолына билік бермесін, ондай болған жағдайла екінші Ауғанстанға айналатынымыз анық.
Жазба иесі Құрал Сейітханұлы