Жаңалықтар

Жасанды интеллектің игілігін көрер күн алыс емес

Қазақстанды ІТ мемлекетке айналдыру — маңызды стратегиялық міндет.

«Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған бұл меже алыс емес», — дейді сала мамандары.

Қазірдің өзінде отандық ғалымдардың жасанды интеллектке қатысты сәтті жобалары көп. Атап айтқанда, қант диабеті ауруын көздің фотосуреттері арқылы жасанды интеллектпен анықтау жүйесі жасалды. Сондай-ақ, адамның жүрісі арқылы оның тұлғасын анықтау да отандық ғалымдардың еңбегі. Бірақ бұл жобалар ғылыми негізде ғана. Ендігі қадам – оларды өндіріске енгізу. Ол үшін қаржыландыру мәселесін шешу керек, — дейді мамандар.

Сонымен қатар маман даярлауды жүйелеу керек. Қазір ақпараттық және есептеуіш технологиялар институтының мамандары «сөйлеу тану» процесін жасап шықты. Яғни, жасанды интеллект аз уақытта дыбысты мәтінге айналдырып береді. Ашық жүйеде жұмыс істеп тұрған бұл жобаны қолданушылардың саны күннен күнге артып отыр. Енді ғалымдар көз аурулары институтымен бірлесіп жасанды интеллект арқылы глаукома ауруын ерте анықтау жүйесін жасауды қолға алды.

«Мәліметтерін жинақтап соған анализ жасап жатырмыз. Осы анализ бойынша біз патологияны анықтау жүйесін жасап жатырмыз. Жақын күнде оны анықтап, дәлдігі 90 пайызға жеткенде біз оны осы институтқа кірістіреміз. Программаны коррекция жасаймыз, программа теңкеліп жақсы болған кезде уже сарапшылар кеңінен қолдана бастайды»,- ақпараттық және есептеуіш технологиялар институты директорының ғылым жөніндегі орынбасары Өркен Мамырбаев.

Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру