ӘлемБасты ақпаратГенетикаҒылыми мақалаларДенсаулықЖаңалықтарЖігерленЖүзден жүйрік...ИнновацияМүмкіндік

СҮЙЕК КЕМІГІН ТРАНСПЛАТАЦИЯЛАУДЫҢ ЖАҢА ӘДІСІ ПАЙДА БОЛДЫ

Ғалымдар алғаш рет трансплантациядан кейінгі ондаған жылдар бойы дің жасушаларындағы өзгерісті 50 жылдан астам уақыт бойы бақылап нәтижесінда медицинада құпия болып келген процедураның сырын ашты. Бұл зерттеулер донорларды таңдау және трансплантацияның сәтті өтуің қамтамасыз ететін жаңа стратегияларды дамытуға жол ашуы мүмкін. Осылайша трансплантацияны қауіпсіз әрі тиімді етуге ықпал етеді, деп хабарлады Wellcome Sanger Institute сайты. 

Wellcome Sanger институтының және Цюрих университетіндегі серіктестерінің зерттеушілері реципиенттердің денесінде дің жасушаларының мінез-құлқын 30 жыл бойы картаға түсірді. Сонымен қатар осы жасушалардың ұзақ мерзімді динамикасына тарихта алғаш рет көзқарасын білдіргендердің бірі болды.
30 қазан Nature журналында жарияланған және Cancer Research UK тарапынан ішінара қаржыландырылған зерттеу барысында донорлардан алынған трансплантациялардың, әдетте, он есе аз өмір сүретін дің жасушаларына ие екенін көрсетті. Ал кейбір тірі қалған жасушалар күшті иммундық жүйе үшін қажетті қан жасушаларының ауқымын өндіру қабілетін де жоғалтады.

Жыл сайын әлемде миллионнан астам адам қан ісігі, соның ішінде лейкемия және лимфома сияқты иммундық жүйенің қызметіне әсер ететін аурулармен ауырады. Дің жасушаларын трансплантациялау немесе сүйек кемігін трансплантациялау науқастар үшін жалғыз емдік әдіс болып табылады. Бұл процедура пациенттің зақымдалған қан жасушаларын донордан алынған сау дің жасушаларымен алмастырады. Олар кейін бүкіл қан айналымы мен иммундық жүйені қалпына келтіреді. Қазіргі уақыта Ұлыбританияда жыл сайын 2000-нан астам адам осы процедурадан өтеді.

Зерттеу авторы, Wellcome Sanger институтының докторы Майкл Спенсер Чепмен былай дейді: «Бұған дейін біз тек жасушаларды енгізіп, содан кейін қалпына келтіру белгілері үшін қан талдауын қадағалайтынбыз. Бірақ бұл зерттеу арқылы біз бірнеше онжылдықтардағы өзгерістерді бақылап, кейбір жасуша топтарының жоғалып, басқалары үстемдік етіп, науқастың қан жүйесін қалай қалыптастыратынын көрсеттік. Бұл процесті осындай егжей-тегжейлі түсіну өте қызықты».

Бұл жаңа зерттеуде Wellcome Sanger институтының және Цюрих университетінің зерттеушілері 31 жылға дейін трансплантациядан өткен донор-реципиенттің он жұбының қан үлгілерін талдау үшін геномды секвенциялаудың әдістерін пайдаланды.
Донор мен реципиенттің дің жасушаларында өмір бойы орын алатын мутацияларды талдай отырып, олар трансплантация процесін қанша дің жасушасының аман қалатынын және науқастың денесінде жаңа қан жасушаларын өндіруін бақылай алды. Бұл бұрын-соңды мүмкін болмаған әдіс.
Зерттеу тобы 20-30 жастағы жас донорлардан алынған трансплантацияда шамамен 30 000 дің жасушасы ұзақ мерзімде аман қалатындығын, ал басқа донорларда бұл көрсеткіш тек 1 000-3 000 жасуша ғана болатынын анықтады. Бұл азаю иммунитеттің төмендеуіне және қайталану қаупінің артуына әкелуі мүмкін. Сондай-ақ олар трансплантация процесінің қан жүйесін реципиенттерде донорларға қарағанда шамамен 10-15 жылға ерте қартаятынын ал ол өз тұсында көбінесе дің жасушаларының әртүрлілігі төмен болуынан екенін анықтады.

Зерттеудің тағы бір жетекші авторы, Wellcome Sanger институтының докторы Питер Кэмпбелл: «Трансплантация процесі қан және иммундық жасушаларды генетикалық «тар өткелден» өтуге мәжбүр етеді. Біздің жаңа тәсіл бұл тар өткел құбылысын мұқият зерттеуге мүмкіндік береді. Біз тар өткел кейбір дің жасушаларының реципиенттегі жаңа ортада басқаларына қарағанда көбірек өсуіне мүмкіндік беретінін анықтадық. Кейбір дің жасушаларының жақсырақ бейімделуіне жауапты гендерді анықтауға болады деп сенеміз – бұл гендерді трансплантация процедурасының табыстылығын арттыру үшін қолдануға болады».

Трансплантация процесі қаншалықты ауыр стресс тудырса да, дің жасушалары қан жүйесін қалпына келтіру үшін тез бөлінетіндіктен, біршама жаңа генетикалық мутация алады. Бұл трансплантация кезінде мутация жылдамдығы жоғары болады деген бұрынғы болжамдарға күмән туғызады.

Цюрих университетінің зерттеу жетекші авторы доктор Маркус Манц: «Зерттеу жас мөлшері тек сан емес екенін көрсетеді – бұл трансплантацияның табыстылығында маңызды рөл атқарады. Гемопоэтикалық дің жасушаларының жүйесі уақыт өте келе таңғаларлық тұрақты болса да, жас донорлар, әдетте, дің жасушаларының кең және әртүрлі спектрін қамтамасыз етеді, бұл пациенттің ұзақ мерзімді қалпына келуі үшін маңызды болуы мүмкін. Біз дің жасушаларының ұзақ мерзімді динамикасына әсер ететін басқа факторларды зерттеуді жалғастырып, донор таңдауын және реципиенттің сүйек кемігі ортасын оңтайлы ұзақ мерзімді функция үшін дәл реттейміз деп үміттенеміз».

Назым МАЛИККЫЗЫ

Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру