Жаңалықтар

Әр саланың мамандары конференцияда бас қосты

Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Social project management» орталығы 23-қазан күні «Медиация институтын дамыту мәселелері» атты конференция өткізді.

Оған мемлекеттік органдардың, сот, бизнес, азаматтық сектор өкілдері, медиаторлар және т.б. қатысты.

Конференция басында медиатор «Парасат» медиацияны дамыту орталығының сарапшысы Назира Қадырқұлова баяндама оқыды.

Сонымен қатар конференцияға Алматы қаласы Алмалы ауданы №2 аудандық сотының судьясы Асет Боранбаев, Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Кеңес Утепов, «Байқадам» холдингы призиденті Арман Байқадам, кәсіпкер Александр Разумов және тағы басқа мамандар, заң-құқық саласында оқып жатқан студенттер қатысты.

Іс-шараға келген сот судьяларының айтуынша қазір әр сотта арнайы медиаторлар жұмыс істейді. Олардың қызметі қоғамдағы медиаторларға ұқсамаса да осы саланың дамуына үлес қосып келе жатыр.

Бизнесмен Арман Байқадамның сөзінше «ақша тыныштықты жақсы көргендіктен, сотта гөрі медиаторлардың көмегіне жүгінетін кәсіпкерлердің қарасы көп». Алайда медиация барлық жерде қолданысқа ие бола бермейді екен. «Біз көбінесе мемлекетпен жиі дау-дамайға түсеміз. Мемлекет болғанда жергілікті атқарушы орган өкілдерімен. Алайда олармен медиациялық келісім жасау заңда қарастырылмаған. Осы жағы бізді қинайды» дейді ол.

Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру