Ақыл патшалығыБасты ақпаратҒажап-LiveҒылым қорыЖаңалықтарЖігерлен

БІЗ НЕГЕ ЖАҢА ҒАНА ОЙЛАҒАН ЗАТТЫМЫЗДЫ ҰМЫТЫП ҚАЛАМЫЗ?

Сізде бірде бөлмеге кіріп, не үшін келгеніңізді ұмытып немесе бірдеңе айтқалы жатып, кенеттен не айтатыныңызды ұмытып қалған сәттер болды ма? Адам миы әдетте сансыз ақпараттарды, ойларды және әрекеттерді тепе-теңдікте ұстап, сақтай алады. Бірақ кей кезде ол істен шығып, ойлаған нәрсені ұмытып қалып жатамыз.

Алдымен ұмытудың себебін түсіну үшін жадымыз қалай жұмыс істейтінін және жад туралы кейбір мифтерді жоққа шығару қажет. «Жад тек бір нәрсе емес», – дейді Норд-Шығыс университетінің психология профессоры Сюзанна Яегги Live Science-ке берген сұхбатында. «Жадтың әртүрлі компоненттері бар және олар әртүрлі когнитивті процестермен байланысты». Бұл жағдайда екі түрлі жад түрін білу маңызды: ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді жад. Ұзақ мерзімді естеліктер – бұл миымызда ұзақ уақыт бойы сақталатын білім, тәжірибе және дағдыларды қамтитын кең, көп қырлы естеліктер санаты – сағаттардан бастап өмір бойына дейін сақталады. Ал қысқа мерзімді жадта ойлар санада бірнеше секунд немесе минут қана сақталады.

Қысқа мерзімді жад – «саналы ойдың қоры» сияқты, дейді Массачусетс технологиялық институтының нейрология профессоры Эрл К. Миллер Live Science-ке берген сұхбатында. Біріншіден, қысқа мерзімді жадтың өте шектеулі сыйымдылығы бар. Оның нақты шегі қандай және оны қалай өлшеу керектігі туралы пікірталастар бар. Алайда психологтар адамдардың жұмыс жадысында бір уақытта тек төрт-жеті «бөлік» ақпаратты сақтай алатынын айтады. Мысалы, әріптер, сандар, сөздер немесе сөз тіркестері. Миға осы «бөліктердің» барлығын бір уақытта ұстау қиын, сондықтан бір ойдан екіншісіне ауысқанда, адам бастапқы ойын ұмытуы мүмкін, деп түсіндірді Миллер. Екіншіден, ми жұмыс жадысындағы маңызды емес ақпараттарды тез өшіріп, жаңа мәліметтерге орын босатады. Осылайша, бұл қысқа мерзімді естеліктер ұзақ мерзімді жадыға (консолидация деп аталатын процесс) ауыспаса, олар санадағы ойдан тез жоғалып кетеді.

Миллердің айтуынша, ми көп міндеттерді бір уақытта орындай алмайтындықтан, ол әртүрлі ойларды «жонглерлеуге» мәжбүр. Бұл көп күшті және назарыңды талап етеді, ал назарың бір нәрсеге аударылғанда немесе басқа жаққа ауысқанда, бұрынғы ойларың ұмытылып кетуі мүмкін.

«Ми бір «допты» тастап жібереді, сондықтан сіз кей нәрселерді ұмытып қаласыз», – дейді Миллер.

Егер ми шаршаған немесе алкоголь мен басқа да препараттардың әсерінде болса, жұмыс жадысындағы ойларды «тастау» ықтималдығы жоғары. Адамның жасы да маңызды фактор болып табылады. Миллер жұмыс жадысының қызметі 20 жаста шегіне жетіп, орта жастан бастап төмендей бастайтынын айтты.

Егер сіз ойларыңыздың жиі ұмытылып кетуімен күресіп жүрсеңіз, Яегги мен Миллердің бірнеше ғылыми негізделген кеңестері бар.

Алдымен, мүмкіндігінше көп нәрсені ұмытпаудың амалы – көп міндеттерді бір уақытта орындамау.

«Сіз көп нәрсе істеп жатырмын деп ойласаңыз да, шындығында, сіз тек «жонглерлік» жасап жатырсыз», – дейді Миллер.

Ал жонглерлік ұмытуды жиі тудырады.

Ал егер ойыңыз қазірдің өзінде ұмытып тұрсаңыз, «Контекстті қайта құру көмектесе алады», – дейді Яегги.

Яғни бұрын болған бөлмеге қайтып келу немесе ойларыңызды қайта қарап шығу керек. Бұл контексттік еске салғыштар миды жұмыс жадысында ойды қайта жандандыруға қажетті импульс беруі мүмкін.

Назым МАЛИККЫЗЫ

Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру