Қазақстан энергетикалық ресурстарға бай ел болғанымен, соңғы жылдары энергия тапшылығы мәселесі өзекті бола бастады десекте болады. Бұл жағдай елдің энергетикалық инфрақұрылымын жаңғыртуды және жаңа энергия көздерін дамыту қажеттілігін туындатады. Сол себепті қазіргі таңда АЭС осы мәселеге шешім ретінде қарастырылуда.
Энергия Тапшылығы олардың себептеріне тоқталатын болсақ:
Қазақстанның экономикасы жыл сайын өсіп келе жатқандықтан, энергия тұтыну көлемі де артуда. Бұл, әсіресе, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және тұрмыстық секторда байқалады. Энергия тапшылығы салдарынан электр энергиясының бағасы көтеріліп, кейбір өңірлерде қарама-қайшылықтар туындайды.
АЭС-тің бірнеше маңызды артықшылықтары бар олар:
Тұрақты энергия көздері: АЭС энергияны үнемі және тұрақты түрде өндіре алады, бұл энергетикалық қауіпсіздікті арттырады десекте болады.
Экологиялық жағдай: атом энергиясы көміртегі шығарындыларын төмендетуге көмектеседі, бұл экологияға жағымды әсер етеді.
Энергия тиімділігі: АЭС-тің энергия өндіру тиімділігі жоғары, бұл ресурстарды үнемдеуге үлкен мүмкіндік береді.
Дегенмен, АЭС-тің құрылысы мен пайдалануына қатысты бірқатар мәселелер бар:
— Экологиялық қауіпсіздік: Радиоактивті қалдықтарды қауіпсіз сақтау мәселесі, сондай-ақ экологиялық апаттардың қаупі;
— Қоғамдық қабылдау: АЭС-ке қатысты қоғамдық пікірдің алуан түрлілігі. Халықтың бір бөлігі атом энергиясына қарсы болса, екінші бөлігі қолдайды;
— Қаржылық шығындар: АЭС-тің құрылыс және пайдалану шығындары жоғары, бұл бюджеттік ресурстарға қысым жасай алады.
Қазақстандағы энергия тапшылығын шешу үшін атом электр стансасы тиімді шешім болуы мүмкін. АЭС-тің артықшылықтары мен мүмкіндіктері ескерілсе, еліміздің энергетикалық тәуелсіздігі мен экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз етуге жол ашады. Дегенмен, қоғамдық пікір, экологиялық қауіпсіздік және қаржылық факторларды ескере отырып, АЭС-ті енгізу мәселесін жан-жақты зерттеу қажет. Энергетикалық стратегиялар мен саясаттарды қалыптастыруда кешенді тәсілдің маңызы зор.
Қуанышова Аяжан Серікқызы