Алматы Мемлекеттік қуыршақ театрының актері, режиссерлікке қадам басып жүрген өнерпаз Алияр Нұрәділ өзіндік шеберлігін шыңдап жүрген жас буындардың бірі. Бүгінде актер ретінде ғана емес, режиссер ретінде де өз бағытын айқындап, балаларға арналған қойылымдар арқылы көрерменнің жүрегіне жол тауып келеді. Жас дарынның шығармашылығы шынайылық пен жауапкершілікке, ізденіс пен жаңашылдыққа негізделген. Алияр Нұрәділ осындай күрделі жолды таңдап, бала көрерменнің сенімінен шығып жүрген жастардың бірі. Сұхбат барысында ол өзінің алғашқы режиссерлік тәжірибесі, сахнадағы ізденістері және болашақ жоспарлары жайлы сыр шертті.
— Өзіңіз ойнап жүрген қуыршақтардың шынайылығын көрерменге қалай жеткізесіз?
— Қуыршақты тірілту ұзақ процесс болғандықтан алдымен өз бойымнан өткіземін, содан кейін барып қуыршаққа саламын. Қандай да бір рөлімді ойнасам да үлкен жауапкершілікпен қараймын. Кішкентай көрерменді алдау мүмкін емес, олар шынайылықты бірден байқап қояды. Ересек адам өмірге баланың көзімен қарай білсе ойнап жатқан қуыршағы да шынайы көрінеді. Жансыз затқа жан бітіру де оңай емес, әрі үлкен жауапкершілікті талап етеді.
— Ең алғаш рет қай қойылымда режиссердің ассистенті немесе көмекшісі болдыңыз?
— Американдық Эрнес Хемингуэйдің «Шал мен Теңіз» шығармасын өзіндік жаңаша бағытта және астарлы тақырыпта Дина Жұмабай сахналаған болатын. Менің режиссердің көмекшісі ретіндегі ең алғашқы жұмысым Дина Жұмабайдың сахналаған «Шал мен Теңіз» қойылымы болды. Бұрын соңды режиссердің көмекшісі ретінде қызмет етпегеннен кейін қойылымның процессін актер ретінде емес режиссер ретінде алғаш көрдім. Осы процесстен кейін де болар кейінірек жеке режиссер ретінде бағымды сынап көрдім. Дегенмен де, мен үшін тәжірибе алатындай жұмыс болды. Себебі музыканы дұрыс таңдау, жарықты қоя білу, актерлермен жұмыс жасау, әр қуыршаққа жан бітіру және қойылымды қоюдың үлкен жауапкершілік екендігін сезіндім, басымнан өткердім. Терең астарлы ойы бар, адамгершілік қасиеттерді дәріптейтін ерекше қолтаңбасы бар қойылымның көрерменнің көңілінен шықты депсенемін.
— Толықтай режиссер ретінде бақ сынағантуындыңыз «Анасын ізденен мамонт»қойылымы жайында айтып берсеңіз. Актер ретінде емес, режиссер ретінде спектакльгедайындалудың айырмашылықтары бар ма?
— «Анасын іздеген мамонт» – менің ең алғашқы толықтай режиссерлік жұмысым. Сонау 1980 жылдары «Мамонтенок» атты мультфильм жарықкөрген болатын. Сол мульфильмнің авторы ертегі, мультфильге сценарий және пьеса ретінде жазы пшыққан. Біз сол үш нұсқасын қосып жаңа туынды жасадық. Бұл мультфильмің де өзіндік тарихы бар. Кезінде 1981 жылы шынайы мамонт табылғанға байланысты Дина Непомнящая сценарий жазған. Осы мультфимге байланысты қойылым сахналадық. Қазіргі таңда баласын тастағанананың, анасын іздеген баланың көбейюіне байналанысты бұл қойылымды сахналауға шешім қабылдадық. Себебі көрерменге ой салатындай, тәрбиелік мәні бар ерекше қойылым шығарғымыз келді.
Менің алғашқы қойылымымның да шығуы қызық болды. Дәл сол уақытта театр жөндеу жұмыстарына байланысты жабылып, біз қойылымның дайындығын Алматы қаласындағы хайуанаттар бағында жасаған болатын быз. Қойылымға ерекше қызығушылықпен қараған Бақыржан Каюов қойылымда ойнағысы келетіндігін айтып, керік пен моржға жан бітіріп сәтті алып шықты. Бұл қойылымның ерекшелігі –жағымсыз кейіпкерлер жоқ, барлық кейіпкерлер мейірімге толы, көңілдері ақ, көмекке талпынып тұратын жағымды рөлде. Сол арқылы біздің көрермендердің мейірімділік, адамгершілік қасиеттерін арттырады деп сенемін. Менің алғашқы толықтай жеке жұмысым болғандықтан қойылымның дайындық барысында қобалжығаным рас. Тіпті актер болып жүре бергенім дұрыс шығардеген ой болғанын да жасырмаймын. Бұл уайымның сол уақытта болу керек те болғаншығар. Өз жұмысым болғаннан кейін әрбірұсақ—түйекке дейін ойластырып біраз тәжірибе де жинақтадым. Жасыратыны жоқ, алғашында өзімнен үлкен өнер майталмандарымен жұмыс жасау біраз қорқыныш тудырғаны рас. Қанша дегенімен де, жасы да, өнердегі жолы да менен үлкен болғандықтан қобалжу болды, бірақ процессті көргеннен кейін өзімді жинап алдым.
— Ойнап жүрген қойылымдарыңыздың қайсысының жанры өзіңізге жақынырақ?
— Ойнап жүрген рөлдерімнің жанры әртүрлі. Соның ішінде комедия жанры жақынырақ. Өмірде қандай болсаң ойнайтын рөлдің, қоятын қойылымның жанрын да алып шығу оңайырақ болады. Дегенмен де комедия оңай жанр емес, халықты күлдірту әсіресе кішкентай көрерменді күлдіру, ойнату, көңілінен шығу кез келгеннің қолынан келе бермейді. Себебі қазіргі балалар эмоцияға жақын, қойылымның ұнағандығын олардың көздерінен-ақ байқауға болады. Соның ішінде өзім ойнап жүрген «Ұр тоқпақ» қойылымындағы Шалдың бейнесі ерекше ұнайды. Бұл кейіпкердің ешкім мен жұмысы жоқ, өзімен өзі жүрген жағымды кейіпкер ретінде шығаруға тырыстық. Оның бейнесін толықтыру, ерекше шығару үшін де біраз жұмыс істедік. Бұл толықтай комедиялық кейіпкер болмаса да соған жақын, жағымды кейіпкер. «Ұр тоқпақ» қойылымындағы Шалдың бейнесі өмірдегі өзіме жақын болғандықтан болар ерекше ұнайды. Қазіргі уақытта қуыршақ театрында адамгершілік қасиеттерді дәріптейтін қойылымдар жетерлік бұл сол қасиеттерді алға тартатын қойылымның бірі ретінде ерекше.
— Шығармашылық жолыңызда алға қойған басты мақсаттарыңыз бен болашаққа жоспарларыңыз қандай?
— Алдағы жоспар көп. Театрда жүрген соң үнемі ізденісте болу басты міндет деп білемін. Әр рөл, әр қойылым – жаңа бір белес. Сондықтан актер ретінде де, режиссер ретінде де тоқтамай үйреніп,тәжірибе жинақтауға тырысамын. Уақыт өте келе өзімнің шығармашылық қолтаңбам қалыптасса екен деймін.
— Сүбелі сұхбатыңызға көп рақмет!
Сұхбаттасқан – Адина АБЗАЛ
Театртану мамандығының 2 курс студенті