ӘлемБасты ақпаратБілімҒылыми мақалаларДеректі фильмдерЖаңалықтарЖасанды интеллектЖүзден жүйрік...ИнновацияМүмкіндікТехнология

Аяқсыз, бірақ 3 метрге секіретін робот

Джорджия технологиялық институтының инженерлері паразитті кішкентай құрттың қозғалысынан шабыт алып, биіктігі баскетбол шығыршығына жететін, 10 фут (шамамен 3 метр) биіктікке секіре алатын жұмсақ робот жасап шығарды. Бұл құрылғы – көміртекті талшықпен күшейтілген силикон өзекшесі, аяқсыз-ақ биікке секіре алады, деп хабарлайды Science Robotics ғылыми журналында. 

Зерттеушілердің айтуынша, бұл секіргіш роботтар түрлі биіктіктен, түрлі бағытта және әртүрлі жер бедерінде қозғалуға қабілетті болашақ роботтарды жасауға негіз бола алады.

«Нематодтар – адам шашынан да жіңішке денесі бар таңғажайып тіршілік иелері. Олардың аяқтары жоқ, бірақ дене ұзындығынан 20 есе биікке секіре алады. Бұл – мен шалқамнан жатып, үш қабатты үйдің төбесіне секіргеніммен бірдей», – дейді зерттеу жетекші авторы, Джорджия Тех Химиялық және биомолекулалық инженерия мектебінің докторанты Санни Кумар.

Нематодтар – Жер бетіндегі ең көп таралған тіршілік иелерінің бірі. Олар қоршаған ортада және адам, жәндік, жануар организмдерінде тіршілік ете алады. Кейбір түрлері зиянды болғанымен, басқалары пайдалы: фермерлер оларды зиянкес жәндіктерді жою үшін пестицидтің орнына қолданады. Олар иесіне жабыспас бұрын секіріп жетеді. Бұл процесті түсіну үшін Джорджия Тех институтының бұрынғы зерттеушісі, қазіргі Калифорния университетінің (Беркли) оқытушысы Виктор Оретега-Хименес жоғары жылдамдықтағы камералармен нематодтардың әртүрлі бағытта қозғалу үшін денелерін ерекше пішінге келтіретінін анықтады.
Мысалы, артқа секіру үшін нематод басын жоғары көтеріп, денесінің ортасын иіп, серіппе тәрізді пішін жасайды. Бұл – акробаттың артқа сальто жасағандағы қалыпына ұқсайды. Ал алға секіру үшін дененің қарама-қарсы шетін иіп, өзін жоғарыға қарай атқылайды. Бұл – ұзындыққа секіруге дайындалып жатқан адамның қимылына ұқсайды.

Ал нематодтар мұны тіпті денесін түйіндеп тастаса да орындай алады. Жоғары жылдамдықтағы видеоны зерттеген соң, ғалымдар нематодтардың секіру әрекетін компьютерлік модельдеу арқылы қайталады. Содан соң жұмсақ робот жасап, оны көміртекті талшықпен күшейтіп, секіріс қуатын арттырды. Зерттеу барысында нематодтардың бүгілу арқылы энергияны жинап, оны оннан бір миллисекунд ішінде босатып, бірнеше рет секіре алатыны дәлелденді. Ғалымдар болашақта инженерлер көміртекті талшық пен басқа да икемді материалдар арқылы бүгілуге төзімді, секіре алатын қарапайым құрылғылар жасай алады деп болжайды.

«Жақында Айға секіргіш робот жіберілді, ал басқа роботтар құтқару миссияларында қолдану үшін жасалуда. Олар кедергілер мен болжанбайтын жер бедерінен өте алуы керек. Біздің зертхана ерекше дене пішіндерін пайдаланатын тірі ағзаларды зерттеп, оларды роботтарда қайталаудың жаңа жолдарын таба береді», – дейді Кумар.

Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру