Әрбір ананың басты арманы — аман-есен босанып, сәбиін құшағына алу. Дегенмен, бұл қуанышты сәттен кейін де денсаулықты ерекше бақылауда ұстау қажет. Босанғаннан кейінгі кезеңде кездесетін ең қауіпті асқынулардың бірі — қан кету. Ол ананың өміріне аса үлкен зардабын тигізуі бек мүмкін.
Қан кету дегеніміз не?
Бұл босанудан кейін 24 сағаттан 6 апта аралығында пайда болатын және 500 мл немесе одан көп көлемде қан жоғалтумен сипатталатын жағдай. Егер кесарь тілігі арқылы босанған болса — 1000 мл және одан көп қан кетуі мүмкін. Бұл кезде әйел бойында әлсіздік, бас айналу, жүрек соғысының жиілеуі байқалады. Ең қауіптісі кей жағдайда қан кету ішкі ағзаларда байқалмай да өтуі мүмкін.
Қан кетуге себепші
Әйелдердің гемоглобинінің төмендеуі;
Алдынғы босануда қан кетудің орын алуы;
Қанның ұйығыштық қасиетінің төмен болуы;
Бала салмағының үлкен болуы;
Бала жолдасының төменде орналасуы;
Жатыр бұлшықеттерінің әлсіреуі;
Босану кезінде жыртылу немесе жарақаттар;
Плацента (бала жолдасы) қалдықтарының жатырда қалып қоюы;
Бала салмағының үлкен болуы;
Көп босану;
Жатырдың қалыптан тыс өзгерістері немесе ішке қан кетулер.
Науқас жағдайына байланысты келесі шұғыл көмек көрсету алгоритмі жүзеге асырылады:
интенсивті терапия жазбасын жүргізуге жауапты қызметкерді тағайындау;
қуықты катетерлеу арқылы босату;
екі шеткері венаны катетерлеу (No 14–16G);
кристаллоидты ерітінділерді құюды бастау (қан жоғалту көлеміне сәйкес 2:1 қатынасында);
оттегі беру (ылғалдандырылған);
дене температурасын сақтау (жылы көрпемен жабу, суланған киімді құрғаққа ауыстыру).
Диагностикалық шаралар
жалпы қан талдауы;
коагулограмма;
қан тобын және Rh факторды анықтау;
үйлесімділік сынағына қан үлгісін алу.
Қан кетудің себептерін анықтау (4 «Т» қағидасы бойынша)
Tonus (жатыр атониясы) – жатырдың сыртқы массажы арқылы бағаланады.
Tissue (тіндердің қалдығы) – плацентаның толық бөлінген-бөлінбегенін тексеру.
Trauma (туу жолдарының жарақаты) – жатыр мойны мен қынап аймағы тексеріледі.
Thrombin (қан ұюының бұзылысы) – коагулопатия белгілерін анықтау үшін лабораториялық зерттеу қажет.
Қалай емдейді?
Емдеудің басты мақсаты – қан кетудің себебін дұрыс анықтап, уақытылы тоқтату. Ол үшін:
Қан жоғалту көлемі нақты есептеледі;
Науқастың жағдайы тұрақты бақыланады (қан қысымы, пульс, тыныс жиілігі, температура);
Қан айналымын қалпына келтіру үшін орталық венаға катетер салынып, инфузиялық терапия (сұйықтық құю) жүргізіледі;
Қажет болса, қан және плазма құю жүзеге асады;
Ауыр жағдайда операция бөлмесі дайындалып, хирургиялық көмек көрсетіледі.
Барлық медициналық қызметкерлер: дәрігерлер, реаниматологтар, акушерлер, зертхана мамандары – бірлесе жұмыс істейді. Осындай үйлесімді әрекет ананың өмірін сақтап қалуда шешуші рөл атқарады.
Кешеуіл қан кетуде дәрілік ем басты рөл атқарады. Ал қолданылатын дәрілер үш кезеңмен тағайындалады:
1. Әйелдің жалпы жағдайын анықтау;
2. Оттегі беру;
3. Тамыр ішіне 16-24 катетр қойып,5ЕД окситоцин тамыр ішіне енгізу
4. 10 ЕД окситацинді 0,9%, 500 мл. Тамыр ішіне енгізу
5. Каристалойд енгізу (кеткен қанның көлеміне қарай)
6. Траниксан қышқылы
1000 мг тамыр ішіне 10 мин ішінде салынады. Қайталма дозасы 30 минуттан кейін.
7. Мизапрос таблетка тік ішекке
8. 20 ЕД окситоцинді 0,9%, 500 млг. тамызу.
Қан тоқтамаған жағдайда бақылауды жалғастыру үшін оперблогқа ауыстырылады.
Қайткен күнде де босанған әйелге күтім мен қолдау қажет. Себебі Мұхтар Әуезов айтқан: Әйелдің хәлі түзелмей, ұлттың хәлі қалыпқа келмейді…