Ақыл патшалығыАЭСӘлемБасты ақпаратҒажап-LiveҒылым қорыЖаңалықтарЖігерленИнновацияТехнология

ӘЛЕМДЕГІ АЛҒАШҚЫ АТОМДЫҚ РЕДАКЦИЯЛАУ АРҚЫЛЫ ДӘРІ ЖАСАУ ӘДІСІ ҰСЫНЫЛДЫ

Фотосурет DALL·E арқылы жасалды

KAIST зерттеушілері дәрілердің әсерін арттыруға мүмкіндік беретін атомдық редакциялау технологиясын әзірледі. Бұл жаңалықты 8 қазанда профессор Юнсу Парктың жетекшілігімен жүзеге асқан зерттеуде фуран қосылыстарындағы оттегі атомдарын пиррол құрылымдарына айналдыру үшін азот атомдарымен оңай редакциялау әдісі ұсынылды.

Жоба Science журналында «Фуранды пирролға фотокаталитикалық айналдыру» тақырыбымен жарияланды. Дәрілердің қуатын көбінесе бір маңызды атомға байланысты болады. Ал оттегі мен азот сияқты атомдар вирусқа қарсы әсерді күшейтуде маңызды рөл атқарады. Дегенмен дәстүрлі әдістерде жекелеген атомдарды редакциялау бірнеше сатылы, қымбат синтез процестерін талап етеді.

Профессор Парктың тобы жарық энергиясын қолданатын фотокатализаторды әзірледі. Фотокатализатор бес мүшелі сақиналарды оңай бөлетін және біріктіретін «молекулалық қайшы» қызметін атқарады. Бұл технология бөлме температурасында және атмосфералық қысымда алғаш рет жүзеге асырылды. Осылайша жоба мүшелері фураннан оттегіні алып тастап, азот атомын қосатын реакция механизмін тапты.

Зерттеуді басқарған профессор Парк:

«Органикалық бес мүшелі сақиналы құрылымдарды таңдамалы түрде редакциялауға мүмкіндік беретін бұл жетістік фармацевтикадағы дәрілік кандидаттардың кітапханаларын құрудың жаңа жолдарын ашады. Сондай-ақ бұл іргелі технология дәрілерді әзірлеу процесіне төңкеріс жасайды деп үміттенемін»,  – деді.

Айта кетелігі бұл зерттеу Корея Ұлттық зерттеу қорының, KAIST-тің және POSCO TJ Park қорының қолдауымен жүзеге асты.

Назым МАЛИККЫЗЫ

Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру